
Олар 100 мың теңгелік айлықпен "7-20-25" бағдарламасына қатысуға мүмкіндік беретін бастапқы жарнаны жинау мүмкін еместігін айтты.
Мемлекеттік қызметшілер ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновке аз жалақыларының кесірінен "7-20-25" бағдарламасына қатыса алмай жүргендерін айтып, шағым түсірді, деп хабарлайды Today.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Азаматтар Бектеновке сұрақтарын интернет-конференция барысында жолдады. Олар 100 мың теңгелік айлықпен "7-20-25" бағдарламасына қатысуға мүмкіндік беретін бастапқы жарнаны жинау мүмкін еместігін айтты.
Олжас Бектенов қазір ҚР Президенті әкімшілігінің тапсырмасымен қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар түрлі ұсынысты қарастырып жатқанын мәлімдеді. Мемлекеттік қызметшілер арасында бәсекелестікті арттыру тәсілдері қаралуда. Осындай шаралардың бірі – мемлекеттік органдар қызметкерлерін жеңілдік негізінде тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Естеріңізге салайық, "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы Қазақстанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. Ол 4 маусымда өз жұмысын бастады.
Сарапшы Today.kz сайтына аталған бағдарламаның тиімді тұстарын жіліктеп және бұл бағдарламаны бұдан да қолайлырақ қылудың жолдарын ұсынды.
Дереккөз: today.kz
В Атырау +2