Атырау, 23 желтоқсан 07:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Головкин мен «Канело» түсірілім алаңында төбелесе жаздады

2 596 рет қаралды


Сауль «Канело» Альварестің Геннадий Головкинмен бірлескен медиа іс-шараны өткізуді қаламайтынына қарамастан, шілденің ортасында боксшылар екінші жекпе-жектің промо-ролигін түсіру үшін түсірілімде кездесті, деп хабарлайды Sports.kz

TMZ.com хабарлағандай, кездесу қиын атмосферада өткен. Екі қарсылас та «шынайы жек көретіндерін» көрсетіп, түсірілім алаңында трэштокингке жол берген. Түсірілім процесіндегі кадрларға қарағанда, GGG мен «Канело» қойылымдық соққыдан шынайы айқасқа өтіп кетуге дайын тұрды. 

Еске салайық, Головкин мен Альварестің екінші айқасы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өтеді. 

Дереккөз: inform.kz

2 тамыз 2018, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.