Атырау, 8 мамыр 09:22
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Каспийде шекара бұзған ресей азаматтарын ұстау үшін қару қолданылды - ҰҚК

2 163 просмотра


Бүгін  теңіз шекарашылары Каспий теңізін шолып жүріп 44˚25′ солтүстік ендік пен 50˚00′ шығыс бойлығының аумағында қос «Ямаха» моторлы «Байда» типтес жылдам жүзетін шағын жүзу құралын кезіктірді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. 

Қараңғыны қақ жарып кенеттен пайда болған теңіз шекарашыларының катерін байқап қалған «Байда» қашуға бет алған кезде оны тоқтату үшін шекарашылардың ескерту ретінде аспанға оқ атуына тура келді. 

Шекара бұзушылар бұдан әрі тәуекелге бел бууға дәттері шыдамай, зәкір тастап, қолдарын көтерді. Қайықта отырған 4 адамның барлығы да Ресей азаматтары екен. 

Екеуі 52 жаста, біреуі 36 жаста, ал біреуі небәрі 20 жаста. Қайықтан 200 литр ауыз су, қосымша баллонымен газ плита, азық-түлік пен қосалқы бөлшектер табылғанына қарағанда, бұлар теңізде ұзағырақ жүреміз деп үміттенген болуы керек. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: inform.kz

1 тамыз 2018, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.