Атырау, 23 желтоқсан 06:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Қазақстандықтар жарты жылда әдемі нөмірлерге 2 миллиард теңге жұмсаған

1 248 рет қаралды


Қазақстандықтар жарты жылда әдемі нөмірлерге 1 913 267 539 теңге жұмсаған. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілі Мұрат Жұманбай айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, ондай нөмірлерді көбіне  Астана мен Алматы тұрғындары сатып алған. 

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, арнайы ХҚКО-ларда жарты жыл ішінде жалпы сомасы 1 913 267 539 теңге болатын мемлекеттік нөмірлер тіркелген.

"Бұл сома былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда үш есеге көп. 2017 жылдың 6 айында қазақстандықтар 1574 әдемі нөмір үшін 587 406 055 теңге төлеген", - деп жазған Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Facebook желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, әдемі нөмірлерді көбіне Астана мен Алматы қаласының тұрғындары алған. Сондай-ақ, тізімде Түркістан (580), Жамбыл (457) және Қостанай облыстары (376) бар..

Дереккөз: tengrinews.kz

31 шілде 2018, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.