Атырау, 11 мамыр 01:08
 ашықВ Атырау +17
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

​Qazaq Banki-нің депозиттер қабылдайтын лицензиясы тағы да тоқтатылды

1 727 просмотра


ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі қаулысымен 31 шілдеден биылғы 28 қыркүйекке дейін «Qazaq Banki» АҚ-ның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатыла тұрады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Бұл шешім төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді тиісінше орындалмауына, сондай-ақ үнемі нормативтер мен міндетті нормаларды, лимиттерді бұзғаны үшін қабылдады. 

«Лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты әрекеттер бойынша тоқтатыла тұрады. Сонымен қатар осы шешім банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсету міндеттемелеріне қатысы жоқ», - деп нақтыланған ҰБ мәліметінде. 

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банктің жеке тұлғалардан қабылдаған депозиттерінің көлемі 22 млрд теңгені құрайды. 

Айта кетерлігі, еліміздегі жалпы банк жүйесі бойынша «Qazaq Banki» АҚ-ның жеке тұлғалардың депозиттік портфель үлесі жеке тұлғалардың депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,3 пайызын құрайды. 

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банкі биылғы 28 сәуірден 27 шілдеге дейін Qazaq Banki-нің жеке тұлғаларға депозиттер мен шоттар ашуға лицензиясы тоқтатылған болатын. 

Дереккөз: inform.kz

31 шілде 2018, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.