ABAI.KZ. «Ахметов, Жақсыбеков, Құлыбаевтарға федерация неге керек?» - Қазір бізде спорт саласындағы жетістік ел дамуының ерекше белгілерінің бірі саналады. Неге екенін қайдам, біздің әр жеңісіміз мемлекеттің дамуының, саясат кемелдігінің көрінісі ретінде насихатталады. Біз халықтың рухани аштықтың орнын әлемдік ареналарда жеңіп алған жүлделермен толтырып, ұлт абыройын спортшылар арқылы асқақтатуды көздейтін елміз.
«Алыпсатарлықты ауыздықтау немесе жабайы билет саудасын кім бақылайды?» - Жалпы біздің теміржолдағы билет сатуды өркениетті жүйеге келтіруге бола ма? Әрине, болады. Бұл үшін ең алдымен заңның орындалуын қадағалайтын және оны іске асыратын құқық қорғау мекемелері мен салық қызметі өз міндетін орындауы тиіс.
«Министрлерді кінәлай беру - орынсыз...» - Қазіргі қоғам арасында күрделі құбылыстар өтуде. Билік пен халық арасында көптеген түсінбестік туындап отыр. Мұның мәнісі неде? Көп адамдар, бір ғана себепті, жұмыссыздықты айтады. Егер сіз де солай ойлайтын болсаңыз мүлде қателесесіз. Ұрлық істеп, адам өлтіру, бүлдіршіндерді зорлау секілді қылмыстың бәрі аштықтың кесірінен болып жатқан жоқ!
«Әр қанішерге айына 150 мың теңге ақша жұмсаймыз...» - Қазақстандағы ең қатаң режимдегі колония саналатын "Қара бүркіт" түрмесіне қатысты сюжет көрсетті. Сол бағдарламада әр бір жазасын өтеушінің тамағына күніне 5 мың теңге, яғни айына 150 мың теңге жұмсалатынын айтты. Еліміздегі бостандықта жүрген, жоғары білімді, қоғамға пайдалы азаматтың өзі маңдай терімен 150 мың теңге жалақы алмайтын кезде кісі қанын мойына жүктеген адамға осынша қаржыны ысырап ету абсурд емес пе?
«Өзіңді өзің әшкерелеп отырсың, Дулат Исабеков!» - Мемлекеттік сыйлыққа қатысты Дулат Исабеков пен Бибігүл Иманғазина арасында "Жас Алаш" газетінде үлкен дау болғанын көп оқырман біледі. Өткенде Дулат ағаның "Әдебиет - арыздың емес, ардың ісі" атты мақаласы жарияланды. Сол мақалаға қарсы тарап тағы жауап жазып, біздің порталға жолдаған екен. Біз аталмыш хатты оқырманға ұсына отырып, тізгінді тең ұстайтынымызды, Дулат Исабековтің де айтары болса, оған да порталымыздан орын беретінімізді ескертеміз.
AIKYN.KZ. «Биыл кімдер шеттетілді?» - Уақытша дисквалификация (спорттан шеттетілу) алған спортшылардың тізімі жаңарып тұрады. Сонымен бірге, бірнеше жыл бұрын шектеу алғандардың мерзімі аяқталуға жақын. Қысқа-нұсқа деректер келтіре кетейік. 2018 жылы 17 спортшы допинг дауына қалған. Былтыр қазан айында жарыс кезінде биатлоншы Анна Кистановадан фуросемид табылған. Ол енді 2019 жылдың қазанына дейін жарысқа қатыса алмайды. Анна – 2015 жылғы Универсиаданың күміс жүлдегері. Шаңғышы Ердос Ахмадиевтен мельдоний табылып, төрт жылға шеттетілді. Сочи Олимпиадасында ту ұстаған атлетімізді 2022 жылға дейін жарыстан көре алмаймыз.
365INFO.KZ. «”Өзбек неге озды?”. Экономист қандай шындықты айтты» - Оңтүстіктегі көршіміз – Өз-ағаң мен қазекең ежелден бақталас, бірінен бірі озуға ұмтылады. Егер осы екі бауырлас орналасқан аймаққа еңбек әлеуеті тұрғысынан қарасақ, Өзбекстан Орталық Азиядағы көшбасшы болуға әбден лайық.