Атырау, 23 желтоқсан 06:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​"БЖЗҚ" өкілдері Qazkom клиенттеріне үндеу жасады

1 878 рет қаралды


"Казкоммерцбанк" АҚ ағымдағы/карталық шоттарына "БЖЗҚ" АҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушыларға жаңа банк шотын ашу үшін "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Бұл туралы қор өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"БЖЗҚ" АҚ "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ға қосылу арқылы "Қазкоммерцбанк" АҚ-ның ерікті қайта құрылуына байланысты "Қазкоммерцбанк" АҚ және "Қазақстан Халық банкі" АҚ банк шоттарын біріктіру жұмыстарының жүргізілгенін хабарлайды. "Қазкоммерцбанк" АҚ ағымдағы/карталық шоттарына "БЖЗҚ" АҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушыларға жаңа банк шотын ашу үшін "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Сонымен бірге "Казкоммерцбанк" АҚ-да ашылған карталық шоттар қолдану мерзімдері аяқталғанға дейін жарамды. Толық ақпаратты www.halykbank.kz сайтынан немесе тегін 88000800059 нөмірі арқылы ала аласыз", - деп түсіндірді "БЖЗҚ" өкілдері. 

Еске сала кетейік, мұның алдында 28 шілдеде Qazkom-ды Халық банкіне біріктіру процесі аяқталғаны хабарланған болатын. 

Дереккөз: tengrinews.kz

30 шілде 2018, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.