Атырау, 9 мамыр 09:59
 ашықВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Шығыс Қазақстанда имам екі ұлымен бірге суға батып кетті

2 295 просмотра


Шығыс Қазақстан облысында Қара Ертіс өзенінде бір отбасының үш бірдей мүшесі батып кетті. Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар өзенге кеткен ер адам мен оның екі баласының мәйітін іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы жағдай Боран ауылындағы Қара Ертіс өзенінде болған. 

 сегіз жасар баласы рұқсат етілмеген жерде суға түсіп жатқан. Ағыс қатты болғандықтан, кенет бала бата бастайды. 36 жастағы әкесі көмекке ұмтылады, онымен бірге баланың 19 жастағы ағасы да суға секіреді. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бәрі жылдам болған – әкесі де, үлкен ұлы да қатты ағынға қарсы тұра алмаған, үшеуін де су ағызып әкетті. 

Суға батып кеткендердің мәйітін құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар іздеп жатыр. Іздеу жұмыстары өзенде де, өзеннің жағасында да жүргізілуде. 

Дереккөз: sputniknews.kz

30 шілде 2018, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.