Атырау, 28 наурыз 18:37
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Бишімбаев пен Ермегияев бостандыққа шығуы мүмкін бе?

1 265 просмотра


Қылмыстық саясатты ізгілендіру туралы заңда ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандарды босату көзделмеген. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев қылмыстық саясатты ізгілендіру аясында мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алмайды. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жоқ, әрине. Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталды. Ізгілендіру адамның кім екеніне емес, оның жасаған қылмысына байланысты. Бишімбаев болсын, Ермегияев болсын, егер оларда заңды күшіне енген қылмыс құрамы болса, онда олар бұл санатқа кірмейді", — деді Ахметжанов.

Оның айтуынша, қылмыстық саясатты ізгілендіру қоғамға шын қауіп төндіретін адамдарды оқшаулауға бағытталған. Ауыр қылмыс жасағандарды, соның ішінде қарақшылар, адам өлтіргендер мен педофилдерді ешкім түрмеден босатпайды.

Дереккөз: sputniknews.kz

27 шілде 2018, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.