Атырау, 23 желтоқсан 06:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Алматылықтар жер сілкінісін сезді

1 644 рет қаралды


Алматыдан 109 километр қашықтықта екі жер сілкінісі болды, олардың жаңғырығы қала тұрғындарына сезілді. Алматы тұрғындары бейсенбі күні кешке екі және үш балдық жер асты дүмпуін сезді. 

Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының мәліметінше, 26 шілде күні сағат 23.29-да Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 109 километр қашықтықта жер сілкінді.  

Үш минуттан кейін екінші дүмпу болды. 5,7 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 111 километр қашықтықта орналасты. Зілзала ошағы 15 және 30 километр тереңдікте жатты.  

Қазақстандық сейсмологтардың мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі "Алтынемел" ұлттық табиғи паркі аумағында Қапшағай өзенінің маңында болды.  

Ғимараттарға зақым келген жоқ.  

Алматыда жер асты дүмпуі соңғы рет 2018 жылдың 2 сәуірінде Қытайдағы жойқын жер сілкінісі кезінде сезілген болатын.  

Дереккөз: sputniknews.kz

27 шілде 2018, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.