Атырау, 27 сәуір 07:52
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Заңнаманы ізгілендірудің қазақстандық үлгісі», «Каспий мәртебесі: Бес мемлекетті толғандырған мәселе Ақтау саммитінде қаралады», «Алтай қазақтары. Жайлаудағы бір күн», «Тайсойғанда туып, түрмеде қайтыс болған», «Елімізде тіс емдеу неге қымбат?».

1 874 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Заңнаманы ізгілендірудің қазақстандық үлгісі» - Қазақстан бас прокуроры қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған жаңа заңда баламалы жаза қолдануға болатын баптар көбейеді дейді. Кей адвокаттар мен құқық қорғаушылар "жемқорларға жазаны жеңілдеткенімен, жаңа заң саяси сипаты бар баптарға келгенде қауқарсыз" деп санайды.

«Кеден басшылығынан қуылған Райымбек Матраимов сотта жеңді» - Бішкектің Первомай аудандық соты Қырғызстан мемлекеттік кеден қызметі (ҚМКҚ) төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовты қызметінен заңсыз босатқан деп тапты.

INFORMBURO.KZ. «Алтай қазақтары. Жайлаудағы бір күн» - Осы заманнан ХІХ ғасырға топ ете түссеңіз қайтер едіңіз? Сол заманның жүрегі кең, ниеті дұрыс адамдары қаймағы мен май-құртын, етін алдыңыздан алып шығар еді.

TURKYSTAN.KZ. «Баланы тоқпақтап, береке таппайсың» - Бала тәрбиесі қазақ халқы үшін әлімсақтан маңызды міндет саналған. Халқымыздың салтында аналар баланы дүниеге әкелгеннен кейін ұл-қызы есейіп-бойжеткенше бала тәрбиесімен айналысқан.

«Елімізде тіс емдеу  неге қымбат?» - Әлем халқының 4 миллиардқа жуығы түрлі тіс ауруларына шалдыққан. Ең көп кездесетіні – тісжегі дерті, онымен мектеп жасына дейінгі балалардың 90 пайызы  ауырады. Тіс саулығының көрсеткіші 65 жастан асқан тіссіз адамдардың пайызымен есептеледі.

«Ғаламторды жайлаған алаяқтар» - Ғаламтордың дамуы өмірімізді жеңілдетті. Үйден шықпай бірталай қызмет түрлерін пайдалана береміз. Тіпті, тамақ пен техниканы былай қойған жұрт сауда жасау үшін арнайы орындарға баруға ерініп, тауарды үйге алдыруды шығарған. Осы мүмкіндіктерді алаяқтар да мүлт жібермеуге тырысып бағуда. Олар да өз кезегінде жеңіл ақшаны қалай, қандай жолмен тапсақ екен деп үнемі бас қатырады.

«Тайсойғанда туып, түрмеде қайтыс болған» - Күні кеше ғасырлық мерейтойы аталып өткен Алаш-Орда көсемдерінің бірі, айтулы мемлекет және қоғам қайраткері, ғұлама ғалым және ағартушы Халел Досмұхамедұлының туғанына биыл 135 жыл толып отыр. Оның күреске толы өмір жолы, талайлы тағдыры талайға сабақ. Артында қалған ғажайып мұрасы жеке азаматтың ғана емес, тұтас ұлттың мәңгілік жәдігеріне айналды.

AIKYN.KZ. «Ұрлыққа ұмтылғандар неге көп?» - Қылмыс адамзат жаралғалы бері бізбен бірге жасасып келе жатыр. Алға озбаса, артта қалып кеткен кезі жоқ. Адам да соған бейім, әйтеуір. Заманауи жетістіктерді, білім алуды, өнертабыс ойлап табуды үйренбесе де, қылмыс жасауды тез үйреніп ала қояды.

EGEMEN.KZ. «Каспий мәртебесі: Бес мемлекетті толғандырған мәселе Ақтау саммитінде қаралады» - Осы жылдың тамызында Ақтау қаласында Каспий жағалауындағы мемлекеттер басшыларының саммиті өтеді. Көпшілік қауым бұл жиынға үлкен сеніммен қарап отыр. Себебі теңіздің құқықтық мәртебесінің анықталуына оған қатысушы елдердің барлығы мүдделі. Әсіресе, әлемде саяси жағдай тұрақсыз болып тұрған кезде...

«2020 жылы 18 жасқа толған азаматтарды қосқанда 12,9 млн адам декларация тапсырады» -  2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің барлық азаматтары, тіпті Қазақстан аумағында мүлкі немесе тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі болған жағдайда шетелдіктер де декларация толтыратын болады.


27 шілде 2018, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.