Атырау, 28 шілде 17:11
 дождьВ Атырау +39
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07

Алматы әуежайында төтенше жағдай болды

1 468 рет қаралды


Әуе оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ, SCAT әуе компаниясы тергеу жүргізіп жатыр. Бейсенбі күні Хургада — Алматы әуе кемесі қонып жатқанда төтенше жағдай болды. 

"Алматы әуежайында екінші айналымға кету кезінде 5038 рейсін (Хургада — Алматы) орындайтын әуе кемесі артқы тірегімен ұшу-қону жолағына тиіп кетті", — деп хабарлады SCAT әуекомпаниясы. 

Хабарламада ұшақ аман-есен қонғаны аталып өткен, зардап шеккендер жоқ. 

Қазіргі таңда әуе компаниясы жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатыр, әуе оқиғасынан кейін SCAT-та тергеу жұмыстары басталды.

Дереккөз: sputniknews.kz

27 шілде 2018, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.