Атырау, 20 сәуір 14:05
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Алматы автобазарындағы рейдтен кейін 400-ден аса адам полицияға жеткізілді

1 535 просмотра


Алматы «Жібек Жолы» автобөлшектер базарына жасалған рейдтен кейін 400-ден аса адам полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен, 25 шілдеде «Жібек жолы» базарында 1492 сауда нүктесі, 68 ТҚКО және 82 көліктің криминалды мәліметтері тексерілді. Жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 416 адам полицияға жеткізілді.

«Полицияға жеткізілген адамдардың 20-сы Өзбекстан азаматы болып шықты. Олар Қазақстанда заңсыз жұмыс істеп жүрген.Тексеру нәтижесінде іздеудегі 4 қылмыскер ұсталды», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұдан басқа, 136 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. ІІД қамау бөліміне 100 жуық адам тоғытылды.

Сонымен қатар, кеше жедел шара барысында «Car city» базарында криминалды полиция қызметкерлері Алакөл ауданының 28 жастағы тұрғыны ұсталды.

«Ол - сатушы. Бұл жігіт ұрланған айнаны сатып алды деген күдік бар. Ер адам бұрын да бірнеше рет ұрланған дүниені сатып келген. Одан 15 ұрланған айна табылды. Енді осы жігіттен сатып алған тұлғалар анықталып жатыр», - деді полициядан.

Айта кетейік, Алматы полициясы қаладағы қылмыстық ахуалды жақсарту үшін жедел профилактикалық шара ұйымдастырды. Акция 29 шілдеге дейін жалғасатын болады. Бұл жұмыстарға 2 000 полиция қызметкері жұмылдырылды.

Дереккөз: Baq.kz

26 шілде 2018, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.