Атырау, 25 сәуір 07:00
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Астана қалалық сотының маңында қызды көлік қағып кетті

Бейнежазба
1 830 просмотра


Желіде жол-көлік оқиғасының видеосы пайда болды: Астанадағы қалалық соттың маңындағы жаяу жүргіншілер жолағында қызды көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"25 шілдеде сағат 15.23-те Сауран көшесінде болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. "Опель" маркалы автокөлікті басқарған жүргізуші Ұлы дала көшесінен Сауран көшесімен Бұқар жырау көшесіне қарай жүріп келе жатып, жаяу жүргіншіні көлігімен қағып кетті, қыз рұқсат етілген жолмен кетіп бара жатқан", - делінген Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.   

ІІД мамандарының хабарлауынша, тиісті сараптамалар тағайындалып, олардың нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Қыз қалалық ауруханада жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

26 шілде 2018, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.