
«ҚазАвтоӨнеркәсіп» ЗТБ Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алферов қандай мемлекеттік органдар қызметтік пайдалану мақсатында шетелдік көліктерді сатып алатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Осы ретте, Toyota Land Cruiser 200 көлігінің екі данасын «Қазавтожол»РМК мен Көлік министрлігінің (ҚР ИДМ – Baq.kz) автомобиль жолдары комитеті әрқайсысын 27 млн теңгеден сатып алды. Бұл үлгі бағасы бойынша рекорд орнатушы», - деді Алферов.
Ол атап өткендей, шетелдік көліктердің ішінде ең көп сұранысқа ие машина - Toyota. Ал, отандық көліктердің ішінде үздіктер Kia мен Skoda.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алфёров қазақстандықтар арасында ең танымал отандық көліктер туралы айтып берді.
Дереккөз: Baq.kz
В Атырау 0