Атырау, 17 мамыр 09:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Қазақстандықтардың шетелдегі ақшасы мен мүлкін тексереміз - Қаржы министрлігі

1 568 просмотра


ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың шетелдегі есепшоттары мен активтері туралы ақпаратты алдыртатынын ескертті. Аталған жұмыс Страсбург конвенциясы аясында атқарылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Салық салу әдістемесі бойынша департамент директоры Қайрат Жолмұxамбетовтың айтуынша, қазіргі екіжақты келісімдер бойынша басқа елдерге сұрау салу қажет. Сонда ғана нақты бір салық төлеушіге қатысты ақпарат жіберіледі. Салық түрін де көрсету керек.

«Ал Страсбург конвенциясы аясында барлық салықтар бойынша ақпарат алмасуға болады. Сосын жазбаша ақпараттан бөлек автоматты түрде мәлімет алмасу тетігі де бар. Бұл дегеніміз, xат жазып, сұрау салудың қажеті жоқ. Бұдан бөлек, салықты өндіру бойынша өзара көмек шаралары да бар. Бірлескен тексерістерді де өткізетін боламызә, - деді Қ.Жолмұxамбетов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Осыдан бес жыл бұрын Қазақстан Страсбург конфенциясына қол қойған болатын. 

Бір жылдан кейін аталған құжат ратификацияланды. Соның аясында салық саласындағы ақпаратпен автоматты түрде өзара алмасуға мүмкіндік бар. Осы уақытқа дейін конвенцияға 124 мемлекет қосылды. Соның ішінде G20 және Экономкалық ынтымақтастық және даму ұйымының елдері бар.

Аталған екі ұйым қаржы саласындағы ақпаратпен алмасудың көпжақты келісімін әзірлеп бекітті. Ағымдағы жылы 26 маусымда Қазақстан аталған құжатқа да қосылды. 

«Енді, біз 102 мемлекетпен жұмыс жасап, қаржы есеп-шоттары туралы ақпаратпен алмасатын боламыз. Қазіргі кезде Қазақстан ЭЫДҰ-ның арнайы жұмыс тобына кіріп, аталған стандартты енгізуге қатысты дайындық шараларын бастап кетті. Осыған орай, ұлттық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілетін болады. Жоспар бойынша 2019 жылғы барлық ақпарат беріледі. Сонда 2020 жылы қыркүйек айында бізге жерлестеріміздің 102 елдегі барлық есеп-шоттары туралы ақпарат түседі. Ол елдердің ішінде Ұлыбритания, Бермуд пен Кайман аралдары, Швейцария, Люксембург, Лиxтенштейн және тағы басқалар бар. 40-тан астам офшорлық юрисдикциялар да осы бастамаға қосылып отыр», - деп атап көрсетті Қ.Жолмұxамбетов. 

Оның айтуынша, жеке ақпараттың ішінде қаржы иесінің аты-жөні, салықтық нөмірі, депозит пен активтерден түскен табыстың көлемі болады. Алайда ол ақпарат құпия мәліметке жатады. 

«Ақшаның сомасына қарамаймыз. Әрбір қазақстандықтың есепшоты туралы ақпаратты алдыртатын боламыз. Әрине, салықтан жалтарғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Мәселен, табыстан түскен салықты төлемегені үшін әкімшілік жаза да, қылмыстық жаза да бар. Негізі, бүгінгі заңнама бойынша Қазақстан азаматтары шетелдегі ақша мен мүлкі туралы ақпаратты өздері ұсынады. Ал конвенция аясында ақпарат алмасу арқылы біз ол мәләметтердің бәрін салыстырып, тексере аламыз», - деді Қ.Жолмұxамбетов.   

Дерекөкз: inform.kz

25 шілде 2018, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.