Атырау, 9 мамыр 17:29
 ашықВ Атырау +11
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Түркістанға Шымкенттегі мемлекеттік органдар көшіріле бастады

1 426 просмотра


Шымкент қаласындағы 30 аумақтық мемлекеттік органның барлығы келесі айда Түркістан қаласына көшеді. Шымкент қаласында орналасқан аумақтық органдардың бірі — мемлекеттік кірістер департаменті облыс орталығы Түркістан қаласына алғашқылардың бірі болып көшті бастады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Яғни, Түркістан қаласында бүгін Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық органдарының өкілдігі ашылды

Салтанатты жиналысты облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ашып, Елбасы жарлығымен облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанын айтты.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, заманауи құрылғылар арқылы көрсетілетін сапалы қызмет — бюджеттің салық түсімін көбейтуге септігін тигізері анық. Мұнда жалпы 48 түрлі қызмет көрсетілсе, оның 40-ы электронды түрде көрсетіледі. Мамандар "Бір терезе" қағидасы арқылы халыққа жылдам әрі сапалы қызмет етпек. 

Жалпы облыс бойынша бүгінгі күнге дейін аталған мекеме арқылы халыққа 1 миллион 48 мың қызмет көрсетілсе, оның 941-і электронды түрде көрсетілген.

Еске сала кетейік, жалпы Түркістан облысы бойынша Шымкент қаласында орналасқан 30 аумақтық мемлекеттік орган бар болса, келесі айдың ішінде олардың барлығы осында Түркістан қаласына көшпек. Ал әкімдікке қарасты облыстық 24 басқарма да келесі айда толығымен көшіп, жаңа облыс орталығында өз жұмыстарын бастамақ.

Дереккөз: sputniknews.kz

25 шілде 2018, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.