Атырау, 23 желтоқсан 04:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Маңғыстау облысында жоғалған 12 жасар қыз табылды

2 673 рет қаралды


Қыз бала Ақтаудағы әжесіне бара жатып, жолда адасып кеткен. Маңғыстау облысында жоғалып кеткен 12 жасар қыз Ақтаудан аман-есен табылды.

Бұдан бұрын Диана Бекхожаеваның туыстары хабарлағандай, қыз бала 23 шілдеде кешкі 8 кезінде жоғалып кеткен. Оның алдында мектеп оқушысына ағасы әлеуметтік желіде парақша ашқаны үшін ұрысыпты. Диана ата-анасына ештеңе айтпастан, Ақшүкір ауылындағы үйінен кетіп қалған.

"Лада" порталы хабарлағандай, қыз бала ата-анасына өзі қоңырау шалыпты. Телефон арқылы қонақта екенін айтады.

Кейінірек белгілі болғандай, қыз бала ағасымен ренжіскен соң, Ақтаудағы әжесіне кетпек болыпты. Бірақ қатты жауын кезінде Диана үйлерді шатастырып, адасып кетеді. Көп ұзамай қараңғы түсіп, қыздың үсті-басы малмандай су болған. Абырой болғанда, оқушыға әйел адам кез болып, паналатқан екен.

Дерекккөз: sputniknews.kz

25 шілде 2018, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.