Атырау, 9 мамыр 10:21
 ашықВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Серік Сәпиев спортшыларға жеке күзетші беруге қатысты пікірін білдірді

1 720 просмотра


Олимпиада чемпионы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев қазақстандық спортшыларды жеке күзетшімен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жалпы осы мәселені көтеретін болсақ, бастапқыда оны талқылап алу керек. Тіпті Үкімет мүшесіндегілердің жеке күзеті жоқ. Бұл мәселе спортшылардың менеджерлері мен федерациясына қатысты. Федерация спортшыға күзетші беретін болса, берсін. Бекзат Саттархановпен, Ермек Серіковпен түрлі жағдайлар болды. Ал Денис Тенмен тіпті сұмдық жағдай болды", - деді Серік Сәпиев. 

Сондай-ақ, спортшы өзіне жеке күзетші алуға қатысты ойын айтты. "Жоқ, маған күзетші керек емес. Өз қамымды өзім жасай аламын немесе достарым бар. Осы уақыт бойы маған ешқандай қауіп төнген емес", - деді Сәпиев.

Дереккөз: tengrinews.kz

25 шілде 2018, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.