Атырау, 26 сәуір 15:33
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Елбасы Өзбекстан Президентін туған күнімен құттықтады

1 961 просмотра


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады. 

Қазақстан Президенті Өзбекстан Президентіне зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тіледі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ Орталық Азиядағы кооперациялық байланыстардың кеңейе түскенін ерекше атап өтті. 

Дереккөз: inform.kz

24 шілде 2018, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.