Атырау, 27 сәуір 09:31
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Тауда жоғалған 7 жасар бала тікұшақпен іздестірілуде

2 148 просмотра


Алматы облысында тауда жоғалып кеткен 7 жасар баланы іздеуге тікұшақ қызметі жұмылдырылды. Бұл туралы ҚазАқпараттілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлайды. 

«Іздестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр. Өкінішке орай, басқа жаңалық жоқ. Бастапқыда тікұшақпен іздестіру жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгін бұл қызметті қайта іске қостық. Тікұшақ сағат 10.10-да ұшырылды, іздеу жұмыстары қараңғы түскенше жалғасады. Нәтиже болмайынша іздеуді тоқтатпаймыз», - деді Руслан Иманқұлов. 

Еске сала кетсек, Алматы облысының Жамбыл ауданында жоғалып кеткен баланы құтқарушылар 14 шілдеден бері іздестіруде. 2011 жылы туған Ернұр Сәдуақас Ынтымақ ауылынан оңтүстік қапталдағы «Кіші саз» жайылымына бара жатқан жолда таулы аумақта жоғалған. 7 жастағы Ернұрмен бірге үлкенді-кішілі 5 бала жолға шыққан. Қазір балалардың барлығы ауылда. Тек Ернұр ғана оралмады.

Дереккөз: inform.kz

23 шілде 2018, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.