Атырау, 18 сәуір 09:39
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Астана полицейлері жаяу жүргіншілер жолында балаларды қағып кетті

Сурет
2 231 просмотра


Астанада полицейлер велосипед тепкен екі баланы патрульдік көлікпен қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Куәгер оқиғаның суреттерін редакциямызға жолдап, жол апатының 20 шілдеде болғанын хабарлады.

Куәгерлер жолдаған сурет

Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2009 жылы туған баланы велосипедіне отырғызып кетіп бара жатқан 13 жастағы жеткіншек жаяу жүргіншілер жолынан жолға қарай шығып кеткен.

"Сейфуллин мен Рахимов көшелерінде 20 шілдеде болған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүріп жатыр. Патрульдік көліктің жүргізушісіне қатысты барлық қажетті процессуалдық құжаттар жинақталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Астана ІІД әкімшілік полиция басқармасына жөнелтілді", - деді Астана ІІД баспасөз қызметіндегілер. 

Куәгер жолдаған сурет. Сонымен қатар, Астана полициясындағылар бұл оқиғадан ешкімнің зардап шекпегенін айтты. 

"Кәмелет жасқа толмаған балалар медициналық мекемеге бармаған. Дерек Астана ІІД ЖБО бейне бақылау камераларының жүйесімен тіркелді", - деді Астана ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Дереккөз: tengrinews.kz

22 шілде 2018, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.