Атырау, 23 желтоқсан 06:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ақтауда КВН ойыншысын өлтірді деген күдікпен 3 адам ұсталды

2 876 рет қаралды

Данияр Әлімбаев. Фото: Вконтакте
Күдіктілер Ақтау тұрғындар болып шықты, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Маңғыстау облысының полицейлері Ақтөбенің КВН командасының бұрынғы ойыншысы Данияр Әлімбаевты өлтірді деген күдікпен үш адамды ұстады. 

"Лада" өңірлік порталының хабарлауынша, "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Үш күдікті ұсталды, үшеуі де Ақтау тұрғындары. 

Бұған дейін белгілі болғандай, Ақтауда 21 шілдеге қараған түні 32 жастағы Әлімбаевты аяғынан пышақтап, күретамырын кесіп жіберген. Ол аса ауыр хәлде ауруханаға жеткізіледі, бірақ дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады. 

Данияр Әлімбаев Ақтөбенің КВН командасының құрамында ойнаған. Әлімбаевтың артында әйелі мен төрт баласы қалды. 

Дереккөз: sputniknews.kz

22 шілде 2018, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.