Атырау, 20 сәуір 18:32
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Алматылықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

2 263 просмотра


Алматыда Денис Тенмен қоштасу рəсімі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қоштасу сəтінде мəртебелі қонақтардың сөзінен кейін Денистің табытын өзі жазған əнмен алып шықты. Жиналғандар спортшыны ерекше құрметпен ақтық сапарға аттандырды. Жүзден аса адам Денис Тенмен мəңгілікке қош айтысты. 

Осыдан бір ай бұрын ғана Денис 25 жасқа толған еді. Ол мəнерлеп сырғанаудан биіктерді бағындыру үшін тынбай еңбектенетін. Сондай-ақ ол əн жазып, оны орындаумен айналыса бастаған.

Тіпті фильм түсіргісі келген екен. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қайтыс болды. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның қылмысының үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ салған. Күдіктілер ұсталды.

Дереккөз: inform.kz

21 шілде 2018, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.