Атырау, 19 қыркүйек 22:27
 дождьВ Атырау +24.1
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

​Елбасы Денис Тенге қатысты қылмысты мұқият тексеруді тапсырды

1 705 рет қаралды


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Қ.Қожамжаровқа және Ішкі істер министрі Қ.Қасымовқа Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің өліміне байланысты істі ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ тергеу шараларының егжей-тегжейлі әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. 

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Сондай-ақ Елбасы Президент Әкімшілігінің басшылығына тергеу барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Дереккөз: inform.kz

20 шілде 2018, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.