Атырау, 4 мамыр 20:53
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

​Денис Тенді неге жақын маңдағы ауруханаға апармаған?

2 049 просмотра


Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева ауыр жарақат алған Денис Тенді неліктен Орталық қалалық клиникалық ауруханаға апарғандарын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жедел жәрдем қызметіне Денис жайлы хабар сағат 14.56-да келіп түсті. Хабарлама "С30" деп тіркелді. Ол адам өміріне қауіпті пышақ жарақатын алғандарға тіркеледі. Көлік жақын маңдағы станциядан сағат 14.58-де кетті, 10 минуттан соң олар оқиға орнында болды. Сағат 15.12-де оны Орталық қалалық клиникалық ауруханаға алып кетті, сағат 15.23-те ол ауруханаға жеткізілді. Екі сағаттан аса уақыт бойы жүрегі мен өкпесіне жансақтау шаралары жүргізілді. Бірақ сағат 17.30-да жүргізілген шараларға қарамастан биологиялық өлім тіркелді", - дейді Ләззат Ақтаева. 

Ал неліктен дәл сол ауруханаға жеткізілгені жайлы сұраққа вице-министр жедел жәрдем бригадасының Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығын орындайтынын және Орталық қалалық клиникалық ауруханада жедел хирургиялық көмектің көрсетілетінін айтты. 

"Денсаулық сақтау министрілігінің бұйрығы оның жақын маңдағы ауруханаға жеткізу. Бригада  Орталық қалалық клиникалық аурухананың толықтай медициналық көмек көрсете алады деп шешті", - деп нақтылады вице-министр. 

"Орталық клиникалық аурухана жайлы айтатын болсақ, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ол клиникалық ауруханада жедел хирургиялық бөлім жоқ. Жедел хирургиялық бөлім Орталық қалалық клиникалық ауруханада юар. Ең бастысы науқасты жеткізу кезінде барлық қажетті жансақтау шаралары жүргізілді", - деді ол.  

Дереккөз: tengrinews.kz

20 шілде 2018, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.