Атырау, 25 желтоқсан 11:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Суға кеткен миллиондар

6 222 просмотра

27 маусымда Дамбыда орналасқан Жайық-Атырау бекіре өсіру зауыты биылғы жылы бірінші рет бекіре тұқымдастары шабақтарын су айдынына жіберді.

 

АНАЛЫҒЫ МЕН АТАЛЫҒЫН ӘЗЕР ҰСТАДЫҚ

Бұл жердегі 14 тоғанның әрбіреуінің құрылымы ашылған кітап секілді. Шлюздер ашылған кезде су шет жағынан ортасына қарай ағып, жүз мыңдаған шабақтарды өзенге апаратын каналға бірге ала кетеді.

– Бүгінде жарты миллион қортпа және миллионға жуықшоқыр шабақтарын шығарамыз, - дейдіЖайық-Атырау бекіре балығын өсіру зауытының директоры Ғилман СӘРСЕМАЛИЕВ (суретте): - Бір айдан кейін 2 миллионнан астам шоқыр шабақтарын жөнелтуді қайталауды жоспарлап отырмыз. Осылайша біздің зауытымызға мемлекеттік тапсырыс (жылына 3,5 миллион бекіре шабақтары)  орындалатын болады. Бастапқыда балығы мол Төменгі Пешнойдан аулағанымызға қарамастан уылдырықты қортпаны ұстайтынымызға сене алмаған едік. Аналық қортпаны сәуірдің аяғында ұстадық. Жыныстық жетілген аталықты ұзақ уақыт ұстай алмадық. Мамырдың ортасында аталықты да қолға түсірдік. Ал содан кейін 10 күннен соң қортпа уылдырығынан титтей дернәсілдер алдық. Олар алдымен арнайы хауыздарда болды, 40 күннен соң тоғандарға жіберілді. Қазір олар сыртқы ортада тіршілік етуге бейім болу үшін жеткілікті салмақ жинады.

Ал Сәрсемалиевтің әріптесі, Еркінқала селосында орналасқан Атырау балық өсіру зауытының директоры Рашиден ҚАЛИДУЛЛИН былай дейді:

–  Жайық-Каспий зауытында қортпа мен шоқырларды өсіреді, ал бізде шоқыр, сүйрік және бекіре шабақтары өсіп жатыр. Биыл кертіктен басқа  бекіре тұқымдастардың барлық түрін алған боп шықтық. Келесі аптада біздің зауыт Жайық өзеніне 2 миллион шоқыр шабақтарын жібереді. Биылғы жылы атыраулық екі  бекіре өсіру зауыты шығарған балық шабақтарының жалпы көлемі 7,5 миллион дана құрайды. Бұл мемлекеттік тапсырыстан жарты миллиондай көп.

 

ҮШІНШІ ЗАУЫТ БОЛАДЫ

Алынған шабақтардың қоңдылығы мен ширақтығынҚазақ балық шаруашылығы ҒЗИ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары, биология ғылымдарының докторы Юлия КИМ атап өтті.

– Олардың ең болмағанда бір қортпа ұстап алғанына қуаныштымын. Тоғандарда жыныстық жетілген барлық бекіре тұқымдас балықтарды ұстау үшін және «ұстадық – ұстай алмадық» деген жағдайға тәуелді болмас үшін екі бекіре өсіру зауытын да қайта жарақтау қажет, - дейді Ю. Ким. – Биыл бекіре тұқымдастардың шабақтары ерте жіберілді. Бұл олардың тірі қалуы үшін жақсы: өзендегі су деңгейі жоғары, ол шабақтарды теңізге қарай алып кетеді. Жайын, көксерке тәрізді басқа да жыртқыш балықтар тек мөлдір суда болады. Сондықтан лай тұнғанша шабақтардың теңізге жетіп алуына мүмкіндік бар. Бұдан басқа, алынған шабақтардың қоңдылығы оның саға аузындағы аралық аймақта ұзағырақ болып, бейімделуге мүмкіндік береді. 

Юлия Анатольевнаның айтуынша, қазір барлық Каспий өңірі мемлекеттерінің бекіре тұқымдастарды аулауға тыйым салып, браконьерлікпен күресуді күшейтуге келісім жасауы өте маңызды екен. Қазақстан тыйым енгізгенімен, бар проблеманы   бір өзі шеше алмайды. Өйткені бекіре тұқымдастар – балықтың трансшекаралық түрі.

Жылына 80 миллион шабақ өндіретін Ресей, Әзірбайжан (жылына 12 миллион) және Иран (жылына 30 миллион) бекіре өсіру зауыттарына шабақтарды жыл бойына өндіруге мүмкіндік беретін аналықтардың бар екендігімен мақтана алады. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ жуырда қуаттылығы 30 миллион шабақ болатын Атырау бекіре өсіру зауытын салу жоспары туралы мәлімдеді. Бүгінгі күні осы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мақұлданды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

4 шілде 2012, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.