Атырау, 29 наурыз 09:45
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Кәсіпкер Абылай Ғабжалиловқа қатысты сот үкімі шықты

2 151 просмотра


Алматыдағы Алмалы аудандық соты бизнесмен Абылай Ғабжалиловқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

Сот үкімімен Ғабжалилов Абылай Хайроллаұлы ҚР ҚК 222-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК 55-бабы 2-бөлігімен 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған 3 жылға дейін материалдық жауапкершілікке байланысты қызмет түрімен айналысуға құқық берілмейді. Ғабжалилов жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемесінде өтейтін болады.  

Айта кетейік, сатылған көмірден түскен қолма-қол ақшаның компания кассасына түспегені қылмыстық іс бойынша жинақталған дәлелдердің негізінде анықталды. 

"Тиісінше, бұл қаржыға салық төленбеген. Сотқа дейінгі тергеу кезінде Ғабжалиловтың кеңсесінен 540 750 доллар, 163 080 теңге табылып, тәркіленді. Қылмыстық іс материалдарына негізделген соттың ойынша, бұл ақша есепке алынбаған, яғни қылмыстық жолмен түскен. Осыған байланысты сот заттай айғақтарды - ақшаны - мемлекет есебіне аудару керек деп есептейді", - делінген құжатта. 

Еске сала кетейік, 2016 жылы қазақстандық кәсіпкер Абылай Ғабжалиловке ТМД елдері арасында мемлекетаралық іздеу жарияланған. Оған екі миллиард теңге салық төлемеді деген айып тағылған болатын. Ол 2017 жылы ақпанда Алматыда ұсталды.

Дереккөз: tengrinews.kz

17 шілде 2018, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.