Атырау, 24 қараша 15:53
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Супер "Кәсіпқор"

4 559 просмотра

Атырауда «КәсіпҚор» холдингісінің тұсаукесері болып өтті. Жоба идеясы – еңбек нарығына қажетті халықаралық талаптарға сай келетін жұмысшы кадрларды дайындау.

 

КЕҢЕЙТІЛГЕН ТІЗІМ

Авторлар осыдан бір жыл бұрын Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында әлемдік деңгейдегі колледждер желісін құру» жөніндегі президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ тапсырмасымен желілік тәсілдемені қолға алыпты. Алайда желі бастапқы тапсырмамен салыстырғанда кеңейген, ол 8 жаңа білім беру ұйымдарынан: Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы әлемдік деңгейдегі төрт колледжден, Атырау, Өскемен, Екібастұз және Шымкент қалаларында кадрларды дайындау және қайта даярлау жөніндегі төрт аймақаралық орталықтан тұратын болады.

«КәсіпҚор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бірден-бір акционері - Білім және ғылым министрлігі. Яғни, бұл жүз пайыздық мемлекеттік коммерциялық емес ұйым. Директорлар кеңесінің құрамына негізгі министрліктер мен ірі бизнес-қауымдастықтардың өкілдері кіреді.

– Кәсіпқор жаңа пилотты колледждерде техникалық және кәсіби білім (әрі қарай ТжКБ) саласындағы үздік әлемдік оқыту және менеджмент тәжірибесін енгізу үшін құрылған. Содан кейін бұл тәжірибе Қазақстанның бүкіл ТжКБ жүйесі ауқымында таралатын болады, - дейді коммерциялық емес «Холдинг «КәсіпҚор» АҚ басқармасының төрайымы Аяна Манасова. – «КәсіпҚор» желісінің колледждері жалпы ТжКБ жүйесі үшін озат ұйымдарға айналуы тиіс. Біздің мақсатымыз – еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды дайындау.  

Мәселен, «КәсіпҚор» желісінің колледждерінде профильдік: инжиниринг, сәулет және құрылыс, ақпарат және коммуникациялық технология, дизайн және жобалау, агроөнеркәсіптік кешен, туризм және мейманхана бизнесі мектептері, пәнаралық мектеп (кәсіптік мектеп); инновация және даму орталығы қызмет ететін болады.

Аймақаралық орталықтар салалық мамандарды, мәселен, Атырауда – мұнай-газ саласы үшін, Өскеменде – металлургия және машина жасау үшін, Шымкентте – жеңіл және өңдеуші өнеркәсіп үшін, Екібастұзда – отын-энергетикалық кешен үшін мамандар даярлайтын болады.

«КәсіпҚор» желісінің әр ұйымының шетелдік жетекші оқу орнынан серіктесі болып, оларға белгілі бір талаптар қойылады: олар өз саласында (мамандандыруда) көшбасшы болуы, білім беру қызметі саласында табысты тәжірибесі, білім беру бағдарламаларының халықаралық тұрғыда мойындалуы,  компаниялармен және кәсіпорындармен берік байланыстары болуы керек.

 

БӘРІ ДЕ ЕНГІЗІЛГЕН

Осы жоба шеңберінде Атырауда (Нұрсая ықшам ауданында) мұнай-газ саласы үшін мамандарды дайындап және қайта даярлайтын аймақаралық орталық салынып, оны тапсыруға дайындық жүргізілуде. Кешен 700 студентке арналған, олар оқу кезінде оқу ғимаратымен және қажетті жабдықтармен ғана емес, студенттер мен оқытушылар үшін тұратын жермен де қамтамасыз етілетін болады. Тамақтану, демалыс уақытын өткізу (заманауи спорттық кешен бар) – бәрі мемлекет есебінен жүзеге асырылады.

– Жоғары сапада білім беруді қалай қамтымақсыздар?

– Оқытушылар халықаралық сертификаттаудан өтеді, нұсқаушылардың 5 жылдан кем болмайтын тиісті практикалық тәжірибелері болады. Оқу негізі - өндіріске жақындатылған практика болады. Әр оқу орнына батыстық серіктес таңдайды. Атырау үшін Калгари қаласындағы (Канада) Оңтүстік Альбертаның технология институты (САИТ Политекник) халықаралық серіктес болмақ, - дейді Манасова. – САИТ Политекник мұнай-газ компаниялары үшін кадрлар даярлау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі боп табылады. Эксон Мобил, Шеврон, Шелл және басқа ірі компаниялармен тығыз байланыс жасайды.

Ықтимал жұмыс берушілермен жұмыс жасауға көп көңіл бөлінген. САИТ Политекник сарапшылары мемлекеттік органдардың, мұнай-газ операторларымен және сервистік компания өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Білім және ғылым министрлігімен, мұнай және газ министрлігімен, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен келіссөздер жүргізілді. Кездесу нәтижелері бойынша Орталықтың негізгі мамандандыру бағыттары белгіленді. Бұлар мұнай және газ өндіру мен өңдеу, сондай-ақ, мұнай-газ нысандарындағы электрика, механика және автоматтандыру.   

Таяу уақыттарда САИТ Политекник білім беру бағдарламалары бойынша сарапшылар келеді деп күтілуде. Олар жұмыс берушілердің нақты мұқтаждықтары бойынша бағдарлама жасақтаумен айналысатын болады. 

Кейін Орталық жанынан компанияның қатысуымен индустриялық кеңес ұйымдастырылатын болады. Осы идеяға қатысты Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг, Норт Каспиан Продакшн энд Оперейтинг Компании компаниялары белсенді түрде қызығушылық білдірген.

 

ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТТЕР

– Орталықтағы оқу мерзімі – үштен төрт жылға дейін. Оқу аяқталғаннан кейін мамандарға халықаралық дәрежедегі сертификаттар немесе дипломдар беріледі. Базалық кәсіби білім бағдарламалары бойынша оқуды қаржыландыру республикалық бюджет қаржысының есебінен қамтамасыз етілетін болады, - дейді Манасова. – Қосымша кәсіби білім негізгі жұмыстарынан қол үзбей өздерінің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейткісі келетін мамандарды оқытуға және біліктілігін арттыруға бағытталған.

Жекелеген ірі компанияларға белгілі бір бағыттағы мамандар үшін жеке бағдарламалар ұсынылатын болады. Оқу мерзімдері бірнеше айдан бір жылға дейінгі мерзімді құрап, сертификат беріледі. Бұл жағдайда қаржыландыру оқитын адамдардың өздеріне немесе тапсырыс беруші компаниялардың мойындарына жүктеледі.

– Осынау ғажайып білім беру жүйесі алғашқы студенттерін қашан қабылдайды?

– Жыл аяғына дейін іске қосу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде оқу орталығын холдинг басқаруына беру жөніндегі барлық формальды мәселелер шешілуде.  

 

БАСТЫ НӘРСЕ ТУРАЛЫ

– Қалай осы орталықтың студенті атануға болады?

– Стандартты түрде, басқа колледждердегі секілді – ҰБТ  мен бір профильді емтихан қорытындылары бойынша.

– Қосымша біліктілік алуды немесе оны көтеруді жоспарлап отырғандарға қатысты қалай болмақ?

– Әзірге бұл туралы әңгіме қозғалып жатқан жоқ. Қазір бастапқы, базалық кәсіби білім алушылар үшін шарттар жасалуда.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

4 шілде 2012, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.