Атырау, 28 сәуір 00:49
 ашықВ Атырау +23
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Исекешев ана өлімі себебін анықтау үшін Еуропадан мамандар шақырылғанын айтты

1 339 просмотра


Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қала бойынша жыл басынан бері тіркелген 4 ана өліміне қатысты Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев алдында жауап берді, деп хабаралйды Baq.kz тілшісі.

«Барлық жағдайлар бойынша жетекші медициналық орталық мамандардың қатысумен консилиум өткізіледі. Барлық жағдайлар денсаулық сақтау министрлігімен талқыланып, нақты іс-әрекет жоспары құрылды. Сондай-ақ қауіпсіз сараптама жүргізу үшін және акушерлік-гинекологиялық медициналық көмек үшін Еуропаның мықты деп саналатын мамандарын шақырып отырмыз. Мәселе бақылауда», - деді қала әкімі.

Еске сала кетсек, 16 шілде күні №2 перинаталдық орталықта жаңа босанған жас ана өлімі тіркелген болатын. Сондай-ақ, бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осы жағдайға қатысты Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жауап берді.

Дереккөз: Baq.kz

17 шілде 2018, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.