Атырау, 28 сәуір 20:38
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

ШҚО-да 16 жастағы бозбалаға найзағай түсті

5 206 просмотра


Бірнеше күн бұрын тұрғындарға найзағай түсіп, жел күшеюі мүмкін екені, ауа райының құбылмалы болатыны ескертілген. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласына жақын жердегі Шекоман ауылында қайғылы жағдай болды. 16 жастағы бозбалаға найзағай түсті, деп хабарлайды Today.kz ШҚО ТЖД баспасөз бөліміне сілтеме жасап. 

Алған жарақатынан бозбала оқиға орнында қайтыс болған. 

Бірнеше күн бұрын тұрғындарға найзағай түсіп, жел күшеюі мүмкін екені, ауа райының құбылмалы болатыны ескертілген. 

"Бұндай жағдайда азаматтар табиғатқа шықпай үйде отырулары керек. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына найзағай көбірек түсетін болып жүр. Негізінен найзағай шабандар мен қойшыларды жарақаттайды, көбіне соңы қайғыға әкеп соғады", – делінген ТЖД хабарламасында. 

Құтқарушылардың сөзінше, найзағай ойнаған кезде ғимараттың ішіне кіріп отыру керек, ашық алаңда қалсаңыз, тоқтап тұрып, күн ашылғанша орныңыздан тұрмаңыз. Жалғыз тұрған ағаштың қалқасына тығылмаңыз, найзағай бірінші кезекте биік затқа түседі, оның ішінде ағаш та бар. Әсіресе емен, қарағай, терек, шырша найзағай ойнаған кезде адам өміріне қауіпті. 

Дереккөз: today.kz

17 шілде 2018, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.