Атырау, 28 сәуір 11:01
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Бурабай санаторийінің экс-басшысы пара алғаны үшін сотталды

2 142 просмотра


Сот жемқорлыққа қарсы шараның жоқтығына байланысты денсаулық сақтау министріне де жеке қаулы шығарды. Ақмола облысы Бурабай демалыс орнында республикалық мемлекеттік санаторийдің экс-директоры пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Sputnik тілшісі сот актісіне сілтеме жасап.

2017 жылы маусымда ер адам Бурабай ауданындағы "Бурабай" республикалық реабилитация орталығы" мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып тағайындалған, 2018 жылы мамырда мемлекеттік сатып алу қорытындысына сәйкес "Бурабай" орталығындағы науқастарды тамақпен қамтамасыз ету бойынша "Б" ЖК-мен 105 миллион 304 мың 775 теңгеге келісім жасалған. Санаторий басшысы қолдау көрсеткені үшін тендер жеңімпазынан жалпы соманың 10 пайызын талап етіпті. Кәсіпкер әйел қиындықтарды сылтауратып, пара көлемін 5 пайызға дейін төмендеткен.

Орталық басшысы әйел адамнан ақша алу үшін Щучинскідегі дәмханаға шақырады. Ойын-сауық орнына бастық орынбасарымен бірге оның жеке көлігі Lexus LX470 мініп келген.

Кешкі ас ішіп болған соң, шенеунік орынбасарынан көліктің кілтін алып, пульт арқылы есігін ашады, кәсіпкер әйелге 5 миллион теңгені көліктің артқы орындығына қоюды сұрайды. Содан соң оны  қарсы ведомство қызметкерлері парамен ұстаған. 

Күдікті кінәсін мойындап, процестік келісім жасасыпты. Бурабай аудандық соты 38 жастағы бұрынғы директорды  алғаны үшін айыпты деп таныды. Ол үш жарым жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызмет атқаруына өмір бойына тыйым салынды. Бұдан бөлек, сот бақылаудың әлсіздігі мен жемқорлықтың алдын алу шараларының жоқтығына байланысты денсаулық сақтау министріне де жеке қаулы шығарды.

Дереккөз: sputniknews.kz

17 шілде 2018, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.