Атырау, 23 желтоқсан 06:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Астанада босанған әйел қайтыс болды

2 065 рет қаралды


Астана қаласының № 2 перинаталдық орталығында босанған әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Астанадағы № 2 перинаталдық орталығында 16 шілдеде сағат 09.25-те босанған әйел қайтыс болды. Көмек көрсету барысында ана мен бала ұлттық орталығының мамандары мен кардиохирургиялық орталықтың профессоры тартылды. Реанимациялық іс-шара қолданылғанмен, әйелді құтқару мүмкін болмады", -  деді басқармадағылар.  

Босанған әйелдің қызын құтқарды. Оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.  

"Бұл іс бойынша, комиссия сараптама жүргізіп жатыр. Нәтиже барысында өлім себебі анықталады", - деді басқарма өкілі.  Еске сала кетейік, осыған дейін Астананың № 1 перинаталдық орталығында босанған екі әйелдің қайтыс болғаны жайлы хабарланған болатын. 

"Екі әйел қайтыс болды. Біріншісі - 1983 жылғы келіншек 21 маусымда таңғы сағат 5-терде қайтыс болды. Ол өзі босанды. Екіншісі 31 жастағы келіншек 25 маусымда сағат 04.03-те қайтыс болды. Ол кесарев тілігімен босанды. Екеуінде де соматикалық аурулар тіркелді", - деп хабарлаған еді ауруханадағылар.

Дереккөз: tengrinews.kz

17 шілде 2018, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.