Атырау, 28 сәуір 03:08
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жазғы лагерьдегі бала өлімі: полиция түсініктеме берді

2 100 просмотра


Әлеуметтік желіде жарияланған мәліметте жасөспірімді өлгенше сабағаны туралы айтылған.  Ақмола облысындағы "Арман" спорттық-сауықтыру лагерінде жазғы демалыста жүрген ер бала қаза тапты, деп хабарлады облыстық ІІД Sputnik агенттігіне.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға туралы хабар 9 шілдеде Ақкөл ауданының өрт сөндіру кезекшілігіне түскен. 15-тегі жасөспірім "Арман" лагері маңында шомылып жүріп, суға кетіпті. Бала лагерьде демалыста болған.

"Аталған дерек бойынша тексеру жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарлайды департамент.

Астана мектептерінің бірінің 15 жасар оқушысы "Арман" лагерінде демалып жүріп қаза тапқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланған. Хабарламада баланың денесінен көгерген, терісі сыдырылған жерлер табылғаны айтылыпты. ІІД мәліметінше, бұл деректердің шындыққа қаншалықты жанасатыны сараптама нәтижесі шыққан соң белгілі болады.

Дереккөз: sputniknews.kz

16 шілде 2018, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.