Атырау, 19 сәуір 23:13
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Астанада кілем жууға барған әйел мен оның екі қызы суға батып кетті

1 965 просмотра


Астанада 43 жастағы әйел мен оның екі қызы кілем жуу кезінде Нұра-Есіл арнасына батып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІД Төтенше жағдайлар Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Оқиға 14 шілде сағат 15.28 уақытында болған. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның орталық аймақтық  әуе-ұялы тобының құтқарушылары қаза болғандардың денесін судан шығарып алған. Оқиға қаланың сыртында Нұра-Есіл арнасында болды. Кілемді тазартып жатқан кезде абайсызда үш адам: 1975 жылғы анасы мен 2006 және 2007 жылғы екі қызы суға батып кетті", - деп хабарлады баспасөз қызметінің ведомство өкілдері. 

Бұл жердің кілем тазалауға арналмағаны анықталып отыр. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның айтуынша, 9 және 19 шілде аралығында Қазақстанның су қоймаларында 46 адам, оның ішінде 11 бала көбінесе қорғалмаған аудандарда батып кеткен.  

"Республика бойынша 116 адам құтқарылған. Оның ішінде 38 бала. Өлімнің басты себебі - өз күштерін бағалай алмай терең жаққа сүңгіп кетуі. Бұл туралы 123 дерек, оның 36-ы балалар ", - деп толықтырды баспасөз қызметінде.

Дереккөз: tengrinews.kz

16 шілде 2018, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.