Атырау, 27 сәуір 18:25
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​​Прокурор «Төрт ағайындылардың» басшысын 15 жыл 7 айға соттауды сұрады

2 506 просмотра


Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында мұнай ұрлығы, ақша бопсалау және тағы басқа 17 эпизод бойынша істі болып жатқан Еркін Ізбасаров бастаған «Төрт ағайынды» ұйымдасқан қылмыстық тобы мүшелеріне қатысты қылмыстық іс тыңдалымы аяқталды, деп хабарлайды aktobenews.kz

Мемлекеттік айып тағушы Еркін Ізбасаровты 15 жыл 7 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Оның оң қолы, «Төрт ағайынды» қылмыстық тобының мүшесі Ауқат Қалиевке ҚР ҚК 11 бабын бұзғаны үшін 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ, қылмыстық іс бойынша барлығы 26 сотталушыға айып тағылды. 26 сотталушының тоғызы «Төрт ағайынды» қылмыстық тобының белсенді мүшелері. Қалғандары кейбір криминалдық әрекеттерге қатысқан. Айыпталушылардың арасында бұрынғы билік өкілі де бар. 

Олардың қатарында Ақтөбе облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары болған Рахат Аханов та бар. Айта кетейік, сотталушылардың көбі өз айыптарын мойындап, шартты жаза берулерін немесе бас бостандығынан айырмайтын «жеңіл» бапқа ауыстыруларын сұрады. Олардың әрқайсысында отбасылық жағдайларына байланысты жеке себептері табылды. Ал, «Төрт ағайынды» қылмыстық тобының көшбасшылары өз кінәларын ғана мойындамай, жалпы қылмыстық топтың барын жоққа шығарып отыр. 

Еске салайық, топқа Қылмыстық кодекстің «Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу», «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» баптары бойынша айып тағылған еді. Қылмыстық іс бойынша барлығы 26 сотталушы бар. 

Олар: Адайбек Сәрсенов, Нұрболат Қайырбаев, Айбек Тілеуғазиев, Аухат Қалиев, Мұханбет Шавлетов, Еркін Ізбасар, Болатбек Бекетов, Жандос Ақмағамбетов, Жангелді Өтегенов, Руслан Дермұханов, Амандос Есенғалиев, Бекжан Құлтаев, Нұрлан Ноғаев, Саясат Дүсіпов, Сүлеймен Сүгірбаев, Мұрат Тұржанов, Сергей Савченко, Біржан Аманқұлов, Ербол Тектіғұлов, Қайыркелді Ізтұрғанов, Нұрлыбек Тонтаев, Жанат Тектіғұлов, Кәдіржан Пангерейұлы, Мұрат Қуанышев, Рахат Аханов, Қартжан Қалдымұрат. Сотталушылар Темір мен Байғанин аудандарынан мұнай ұрлап, сатқан. Жәбірленуші тарапта «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ пен «Сағаз Петролеум» ЖШС бар.

Дереккөз: inform.kz

16 шілде 2018, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.