Атырау, 5 қазан 10:52
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Ауылға арналған несие

7 130 просмотра

Облыстық әкімдіктің кеңесінде ауыл кәсіпкерлеріне арналған несиелерге қатысты ахуал талқыға салынды.

Облыстық ауыл шаруашылығы  басқармасы бастығының орынбасары Серік СӘРСЕКЕНОВТІҢ айтуынша, ауыл кәсіпкерлерін төменгі пайыздық мөлшерлемемен шағын несиелеуді қарастыратын Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасының екінші бағытының шеңберінде 8 несиелеу серіктестігі – белгілі бір мақсатқа несие алу үшін кооперацияланған кәсіпкерлер қоғамдастығы құрылған. 2011 жылы шағын несиеге ауыл тұрғындарына жылдық 6 пайызбен 5 жылға 212 млн теңге беріліпті. Ал кейбір несиелер серіктестікке тіркелмеген бөгде адамдарға негізсіз берілген. Сәрсекеновтің айтуынша, заңсыз берілген ақшалар қайтарылған.

Биыл  Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша несиеге 390 миллионнан астам теңге бөлінген. Оның 106-ы «Атырау» ӘКК арқылы игерілетін болады. Өткен жылдардың тәжірибесі ауылда кәсіпкерлер несиені мал шаруашылығын дамытуға емес, әдетте, бұрынғы бар моншаларды, шаштараздарды, наубайханаларды және т.б. дамытуға және олардың жаңаларын ашуға алатындығын көрсетіп отыр.

Бұдан басқа, ауылдықтарға «Агронесие корпорациясы» АҚ Атырау филиалы («ҚазАгро» Ұлттық холдингінің еншілесі) жеңілдікпен несиелер ұсынып отыр. Сәрсекенов оның артықшылығы – ол шешімді өзі қабылдап (бас кеңсемен келіспей-ақ), 30 млн теңгеге дейін несие беру құқығына ие деп атап отыр.«Агронесие корпорациясы» АҚ филиалының директоры Талғат МАМЫРБАЕВТЫҢ айтуынша, олар өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, бау-бақша шаруашылығын, балық шаруашылығын дамытуға несие береді екен.

Атырау облысы үшін «Агронесие корпорациясы» арқылы биыл 400 млн теңге бөлінген (басқа аймақтарға одан көп бөлінеді), бірақ бүгінде оның тек 23 млн теңгесі ғана игерілген. Мамырбаевтың айтуынша, бұған ауыл тұрғындарының бейхабар болуы және әкімдіктердің түсіндіру жұмыстарын нашар жүргізуі басты себеп боп отырған көрінеді. Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің өздері жеңілдік несиелерін алудың қиын екендігіне, көп құжаттар жинау қажеттігіне шағымданып отыр.

– Мен біздің талабымыздың қаталдығын айтқым келеді. Біздің ауыл шаруашылық қызметкерлері көбінесе кепілдікті, мүліктің техникалық төлқұжаттарын, банк қағаздарын рәсімдеу және  т.б. мәселелерде жетік емес. Сондықтан біз қазір сол жерлерде жұмыстар жүргізу үшін аудандарға шығамыз, - деді Т. Мамырбаев.

– Сіздер қандай қаржы көзінен қаржыланып отырсыздар?

–Республикалық бюджеттен, сондай-ақ, егер әңгіме салмақты инвестициялық жобалар туралы болса, мәселен, 1-2 га жылыжай болса, Ұлттық қордан. Бұдан басқа, бізде маржадан түскен қаржылар есебінен қаржыландыратын ауыл шаруашылығына жатпайтын жобалар да бар. Несиелер қолжетімді болу үшін Атыраудан несиелеу серіктестігін құруды жоспарладық. Осындай біреуі бүгінде Махамбетте жұмыс істеуде. Ауыл шаруашылығы өндірісінің бағытына байланысты пайыздық мөлшерлемелер 6-дан 9 пайызға дейін құрайтын болады. Ал филиал серіктестік жұмысын, атап айтқанда, құжаттарды рәсімдеу дұрыстығын үйлестіретін болады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

4 шілде 2012, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.