Атырау, 19 желтоқсан 05:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Алып тиін және президенттің "жұпыны" туған күні», «Трамп пен Путин кездесуінен не күтуге болады?»,«Билікті сынаймыз деп, мемлекетіміздің ресми символдарын тәрк ете алмаймыз!», «Тауар белгісі: неге көңіл көншітпейді?», «Халық әнінің тоналу тарихы».

2 389 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Францияның жеңісі, Ресейдің шығыны және FIFA тапқан пайда» - Футболдан Ресейдегі әлем чемпионаты аяқталды. Бұл әлем чемпионатына Ресей қанша жұмсады? FIFA қанша пайда тапты? Жеңімпаз ел қанша сыйақы алды?

«Трамп пен Путин кездесуінен не күтуге болады?» - НАТО саммитінің қорытындысына қарап АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуі туралы не айтуға болады? Неліктен Дональд Трамп еуропалықтарды айыптап, Владимир Путинді "қалыпты адам" деп атады? Ресейдің Қырымды аннексиялап алуын АҚШ президентінің мойындауы мүмкін бе?

«Алып тиін және президенттің "жұпыны" туған күні» - Батыс баспасөзі Алматыда тиіннің алып мүсіні пайда болғанын, президент Назарбаевтың туған күнімен қатар Астана күні атап өтілгенін және қазақстандық мұнай-газ компаниясы мен қытай инвесторы арасындағы келісім жасалмағаны туралы жазған.

«Коррупциямен айыпталған ондаған полицейдің соты басталды» - Шымкентте облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полициясының ондаған қызметкерінің үстінен қозғалған сот процесі басталды.

AIKYN.KZ. «Тауар белгісі: неге көңіл көншітпейді?» - Қазіргі кезде еліміздегі сауда орталықтарында шет елдің тауарлары мен отандық өнімдердің түр-түрі бар. Олардың тауар белгісіне қарап қайда дайындалғанын, өнімнің қалай жасалғанын, құрамын және сапасын оңай ажыратуға болады. Тауарлардың ұлттық атаулары өндірілген елі туралы хабар беріп, атын айшықтап тұрады емес пе?!

«АҚШ – Ресей саммиті: үміт пен күдік» - Қытай – әлемдегі белсенді инвестор» - Былтыр Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толды. Осы жылдар ішінде Қытай Қазақстан экономикасына 42,8 млрд доллар инвестиция салып, несие есебінде 50 млрд доллар қаржы құйған. 

EGEMEN.KZ. «Халық әнінің тоналу тарихы» -  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол халықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

TURKYSTAN.KZ. «Ойнаса да, баптаса да – чемпион!» - Әлем чемпионаты тарихында өзі ойнап та, кейін бапкер болып тағы чемпион болған небәрі екі ойыншы бар. Оның алғашқысы – бразилиялық Марио Загалло. Екіншісі неміс азаматы Франц Беккенбауэр. Ерекше чемпиондар сапы осы мундиальда тағы бір азаматпен толығуы мүмкін. Ол 1998 жылғы әлем чемпионы – Дидье Дешам!

ABAI.KZ. «Билікті сынаймыз деп, мемлекетіміздің ресми символдарын тәрк ете алмаймыз!» - «Астана» оңайлықпен дүниеге келе қойған жоқ. 90-жылдардың ортасында астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім талқыланып, қабылданып жатқан тұста үкіметтің баспасөз қызметін басқардым. Бар мәселе президент әкімшілігінде шешіліп жатқандықтан, үкіметтегі біздер инсайдерлік ақпараттың бір шетіне ғана қанық боп жүрдік.

«Сол бір үркердей топтың ішінде қазақтың Ибн-Синасы Халел Досмұхамедұлы болған» - Қоғам және мемлекет қайраткері энциклопедист-ғалым, профессор Халел Досмұхамедұлының көптеген зерттеу еңбектерінің бірінде: « Бұл дүниеде түрлі данышпан, шешендер, шеберлер, батырлар, ақындар көп өткен. Осындай адамдар өзіміздің қазақ арасында да аз болмаған. Өз жұртына жұмыс қылып, еңбегі сіңірген адамдарды қадірлеу – елдіктің белгісі»,-деп көрсеткен екен.


16 шілде 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.