Атырау, 25 желтоқсан 11:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Жаңғырған компания, жаңарған тариф

2 260 просмотра

Журналистермен кездесу өткізген  «Атырау-Жарық» АҚ Атырау аймақтық электр торабы компаниясының басшылығы 2010-2012 жылға арналған инвестициялық бағдарламаға енгізілген 2011 жылдың жаңғырту кезеңінің табысты аяқталғаны туралы есеп берді.

 

25 ЖЫЛ – ЕШ БОРЫШСЫЗ

Аймақтық электр торабы компаниясының (АЭК) 2010-2012 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы 3 млрд 787 млн теңгеге шықты. Бұл қаржыға тозығы жеткен трансформаторлық қосалқы станса және электр желілері қайта жарақталып, есептеудің автоматты жүйесі енгізілді. Облыста электр энергиясын тұтыну көлемі жыл сайын өсіп келеді. Егер тұтынушылар 2010 жылы 1 286 млн кВт/с жұмсаған болса, 2011 жылы аймақтық электр торабы компаниясының желілері бойынша электр энергиясын беру көлемі 1 311 млн кВт/с құрады.  Бұл жағдайда кәсіпорын энергияның нормадан тыс ысырабын нөлге жеткізсе, ал, нормативті ысырабы 1,66% төмендеді.

Өткен жылы кәсіпорын  1,1 млрд теңге көлемінде пайда тапты және осы барлық сома және оған қосымша берілген 102 млн теңге амортизациялық қаржы 2011 жылдың жаңғырту кезеңіне бағытталды. Мұнымен қатар бюджет қаржысына электр энергиясы шаруашылығын қайта құру жүргізілді. Іс жүзінде электрмен жабдықтаудың айналма сызбасы аяқталды. Әлі күнге дейін қаланың оң жақ жағалау бөлігін электрмен жабдықтау теміржол көпірі ауданында 110 киловолтты әуе желісі бойынша жүзеге асырылады. Су тасыған кездері  олардың суға құлауынан немесе басқа да табиғи апаттардың салдарынан қаланың бүткіл еуропалық бөлігі жарықсыз қалады. Сондықтан да қазір қаланы айнала оңтүстік және солтүстік доға құрылуда. Жұмыс бюджет және инвесторлардың қаржысына жүргізілуде, жуық арада ол желілер пайдалануға берілмекші.

Солтүстік доғадағы «Птицефабрика» қосалқы стансасы Қазақстандағы таңдаулы деген стансалардың бірі. Ондай станса Астанада бар және бірнешеуі Азиадаға дайындық аясында Алматыда да салынды. Мұндай стансалардың бірі Жарбосынов көшесінде де бой түзеді. Және ол «Ескі қала» (суретте) деген атауға ие болды. Бұл станса таяу жылдарда бұл ауданда жаңа құрылыстар жүргізіледі деген жоспармен салынды. Осы жаңа электр желілерін АЭК-ның балансына беру мәселесі облыстық әкімдікте шешілуде.

2008 жылы қосылған қуаттылық үшін кәсіпкерлер төлеген қаржыны қайтару жөніндегі қойылған сауалға АЭК тете-президенті Максим КЕНЖЕҒАЛИЕВ (суретте) кәсіпкерлерден алынған 1,7 млрд теңге 25 жыл ішінде  бөліп-бөліп қайтарылатын болады деп жауап берді.

 

ТАРИФ БАРШАҒА ОРТАҚ

Энергия шаруашылығын жаңғыртуға кеткен қаржының бір бөлігі халыққа берілетін электр энергиясының тарифтеріне жұмыс құнының енгізілуі есебінен алынғандығын еске сала кетейік. Яғни, тарифті көтеру арқылы. «Тарифті инвестицияға алмастыру» саясаты әлі қашанға дейін созылады деген сауалға табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік департаментінің директоры Жанайым КЕЛБАТЫРОВА нақты жауап берді: «Атырау-Жарық» әлі барлығын жаңғыртып болған жоқ. Жақында энергішілер агенттік алдына 2013-2015 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны ұсынды. Ол негізінен электр энергиясына коммерциялық есеп жүргізу жүйесін жетілдіруге бағытталған еді. Енді жұмсалған энергияны есептеу үшін АЭК-на контролерлердің қажеті болмайды, оларды заманауи құралдар ауыстырады. Ал 2015 жылы «Атырау-Жарық» басшылығы халық алдында барлық инвестициялық міндеттемелерді орындау бойынша есеп бермек.

Демек, тарифтің төмендеуі туралы әңгіменің болуы  мүмкін емес. Оның үстіне, 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап тариф көтерілуі мүмкін. Жаңа ереже бойынша электр энергиясының тарифі енді  еліміз үшін бірыңғай  болып белгіленетін болады.   

1 тамыздан бастап барлық электр энергетикалық компаниялары республикалық табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттікке тапсырыспен шығатын болады. Онда салыстыру жолымен барлық Қазақстан үшін бірыңғай тариф бекітіледі. Бұрын адамдар тарифтің бекітілуі алдында жұртшылық тыңдауларында сөз ала алатын еді...

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

4 шілде 2012, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.