Атырау, 25 желтоқсан 11:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Қатарға оралмандар да қосылды

3 053 просмотра

Өткен жылы бастау алған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы әлі күнге жүре-бара жүргізіліп келеді. Наурыз айының аяғында оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ол негізінен бағдарламаның үшінші бағытына - құлдыраған аудандардан тұрғын халықты көшіруге қатысты болды.

Біз үкімет қаулысының сәйкестілігіне талдау жүргіздік – бағдарлама шынында да айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Біріншіден, адресаттар саны артты. Егер еліміздің төменгі экономикалық әлеуеті бар аудандардан көшірудің ескі нұсқасында жұмыссыздар, өз бетімен жұмыс табушылар және аз қамтылған отбасылар енгізілген болса, енді оның қатарына оралмандар да қосылған.

Көшірілуге бөлінген қаржы көлемі бұрынғыша қалды: 10 АЕК (1 АЕК – 1 618 теңге) жанұя басшысына және отбасының әрбір мүшесіне бір ауданның шегінде көшірілу барысында  5 АЕК беріледі; бір облыстың ішіндегі бір ауданнан екінші бір ауданға көшірілу барысында жанұя басшысына 25 АЕК және отбасының әрбір мүшесіне 15 АЕК көлемінде белгіленген. Алайда, «республикалық маңызы бар басқа облыс, қалаға және астанаға көшіру  санаты» енгізілген. Бұл жағдайда субсидия  сәйкесінше 50 және 35 АЕК мөлшерін құрайды.

Қоныс аударушылар үшін потенциальды тұрғын үйлердің тізімі кеңейтілді. Жаңа редакцияда жергілікті атқарушы органдар бағдарламаға қатысушыларды жанұялық типтегі жатақхана, баспана сатып әперуге, құрылысы басталған нысандарды салып бітіруге, коммуналдық меншіктегі босап қалған көп пәтерлік тұрғын үйлерді қайта жасақтап, қамтамасыз ете алады деп жазылған. Біздің қаламызда жағдайы нашар бірнеше ведомстволық  жатақханалар бар. Әдетте оларда әлеуметтік мәртебелері төмен және табысы төмен адамдар тұрады. Олардың ғимараттың жалпы бөлігін ұстайтын ниеттері де, қаржылары да жоқ. Ондай жатақханаларды көбейтудің қандай пайдасы бар?

Қалалық жұмыспен қамту орталығының бастығы Гүлнәр ҚҰСПАНОВА жаңа жатақханаларға вахтамен жұмыс жасайтындарды отбасыларымен бірге орналастыруды көздеп отырғандығын түсіндірді. Облыста жүзеге асырылады деп жоспарланып отырған ірі жобаларда басқа жақтан келетіндер аз болмайды, жұмыс берушілердің оларды орналастыру мәселесі алаңдатпайтын болады. Дегенмен, масштабты еңбек көші-қоны жергілікті халықты барынша алаңдатып отырған жағдайды жойып жібере алмайды. Еліміздің басқа аймақтарынан келгендердің Атырауда мекен-жайға тіркеліп алып, жұмысқа орналасып алатындығы ешкімге де құпия емес, ал, жергілікті кадрлар бәрінен құр қалып жатады.  

Айталық, бағдарлама бойынша мемлекет жалға берген пәтерін 5 жыл мерзім ішінде жекешелендіруге рұқсат берген болса, оны жекешелендіру қоныстанушы үшін қаншаға шығады? Егер әңгіме бүгінгі күні мемлекет шаршы метрі үшін 70 000 теңге жұмсап отырған жаңа баспана туралы болса түсінікті. Ал, егер ескі баспана болса ше? Оның тозуы қандай сызба бойынша есептеледі?

Қала шеңберіндегі шенеуніктерді бұл мәселелер тығырыққа тіреді. Қалалық құрылыс бөлімінің бастығы Виктор ЦОЙ мені тұрғын үй секторының бастығы Марта НҰРҒАЛИЕВАҒА қайта жіберді. Ал, ол болса, есеп бөліміне жұмсады. Ол жерде маған бүгінгі күні бағдарламаның осы тарауына түсінік беретін ережені өздерінің әлі алмағандығын айтты:  – Негізгі құралдардың тозу нормалары туралы үкімет қаулысына сәйкес, жалға берілетін тұрғын үйлер ТКШ балансында болады, жыл сайынғы тұрғын үйлердің тозуы 2% құрайды. Шамасы, бұл норма әлі де қолданылуы мүмкін. Бірақ, бұл тек біздің болжамымыз ғана.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Саша ДЕНИСОВТЫҢ коллажы

29 маусым 2012, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.