Атырау, 5 қазан 10:39
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Ескі үйдің кілті қожайында қалады

2 415 просмотра

Қалалық әкімдікте Атыраудағы Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасын жүзеге асыру талқыланды.

Өткен жылы ел ауқымында іске қосылған бағдарлама үш бағытты қарастырады: жұмыссыздарды оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу; ауыл кәсіпкерлеріне, соның ішінде төменгі мөлшерлеме бойынша шағын несиелеу арқылы қолдау көрсету; еңбек ресурстарының тұтастығының күйзеліске ұшыраған аудандардан көшіру есебінен көтеру. Осының бәрімен аймақтарда құрылған Жұмыспен қамту орталықтары айналысады. Кеңесте өз жұмыстары туралы қаладағы орталық бастығы Гүлнар ҚҰСПАНОВА есеп берді.

Бірінші бағыт бойынша өткен жылы 33 мамандыққа 1600 адам оқытылған. Биылғы жыл басынан бастап бос орындар жәрмеңкесі арқылы 710 адам жұмысқа орналастырылды. Мемлекет есебінен колледждерде аз қамтылған отбасынан шыққан 281 жасөспірім оқытылуда. Әлеуметтік жұмыс орындарына 211 адам жұмысқа орналасқан.

- Егер өткен жылы біз жұмыс берушілерді іздеген болсақ, бүгінде олардың өздері бізге хабарласатын болды, - деп атап өтті Құспанова.

Екінші бағыт бойынша: өткен жылы жалпы сомасы 77 млн теңгеге өтініш берген 77 кәсіпкердің 40-ы шағын несиелер алды. Олардың ішінде 12оралман бар. Г. Құспанованың айтуынша, кәсіпкерлер жерге берілетін құжаттарды рәсімдеу мерзімінің негізсіз созылып кеткендігіне, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың қажеті шамалы анықтамаларды жиі сұрайтындығына шағымданған:

- Мен мемлекеттік органдардан біздің өз ісін жаңа бастап жатқан кәсіпкерлерімізге ықыласпен қараса екен деп өтінемін.

Басқа да проблемалар болған. Атап айтқанда, былтырғы несие алушылар ақшаларын биылғы жылдың ақпанында ғана алған. Ал бастапқы жылдық 6 пайыз қосымша құн салығы есебінен өсіп кете жаздапты:

- Өткен жылы біз жаңадан бастағандықтан біздің тарапымыздан да, өкілетті орган – «Атырау» ӘКК тарапынан да қателіктер аз болған жоқ. 2012 жылы шағын несиелеуге 80 млн теңге бөлінді, бүгінде 67 адам өтініш берген. Енді конкурстық құжаттаманы алдын ала дайындаймыз. Өткен жылғы қателіктерімізді қайталамаймыз деп ойлаймын. 

Үшінші бағытшеңберінде өткен жылы Пешной поселкесінің тұрғындары көшірілді. Гүлнар Құспанованың айтуынша, 24  отбасының 11-і арендалық баспанаға қоныстанған, ал 13-і әзірге пәтер ала алмай отыр. Ал 1 шілдеге дейін Жұмыспен қамту орталығы осы бағытты жүзеге асыру үшін бөлінген 126 млн теңге үшін есеп беруі тиіс.

Талқылау барысында бағдарламаның жетіспеушіліктері және оны жүзеге асырушылардың кемшіліктері анықталды. Бағдарлама шарттары бойынша қоныстанушылар қызметтік пәтерлерге қоныстанып, ал 5 жылдан кейін оларды қалдық құны бойынша сатып алу құқығына ие болады. Алайда өздерінің тозығы жеткен үйлерін мемлекетке тапсырған қоныстанушылар үшін бұл жағымсыз жаңалық болды. Олар жаңа баспананың өздеріне тегін берілетіндігіне сенімді болатын.

Нәтижесінде жаңа баспананы пешнойлық қоныстанушыларға Атырау қаласының тұрғын үй қорынан қайтарымсыз беру ұйғарылды. Осы және келесі жылдары қоныстанушыларға пәтерлер бағдарлама шарттарына сәйкес ұсынылатын болады. Алайда бұрынғы баспаналары олардың өз меншіктерінде қалады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

29 маусым 2012, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.