Атырау, 25 желтоқсан 11:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Сізді үнсіз бақылап тұр

2 220 просмотра

Бейнебақылау және жылдамдық өлшегіштер мәселесі облыстық мәслихаттың заңнамалардың сақталуы, құқықтық тәртіп және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында қаралды.

БҰЛТАРТПАЙТЫН ДӘЛЕЛ

ІІД жедел басқару орталығы (ЖБО) бірнеше рет операторлар штатын көбейтуді өтінген болатын, өйткені, оның үстіне 2014 жылға қарай Атырауда бейнебақылау камераларының санын 500-ге дейін арттыру жоспарланып отыр.

- Бір оператор 20-дан астам  камераның жұмысын бақылай алмайды, ереже бойынша ол тек ең көп дегенде 10 камераны ғана бақылауға тиісті, - дейді ЖБО бастығы Аманқос НАЗАРОВ.Бүгінгі күні бізде 266 камераға 8 оператор бақылау жүргізеді. Сондықтан да штат санын көбейту талап етіледі.

- Бейнекамераларды жеткізумен, монтаждаумен айналысатын «Жаңа жоба» Ғылыми орталығы» ЖШС директоры Игорь ГУРЕВИЧ күн сайын орталықтың қызметкерлері бірнеше камералардың (техникалық себептерге, электр энергиясының болмауына, жол жұмыстарының салдарынан) ақаулары туралы күн сайын хабарлап отыратындығын айтады. Алайда, бұл әдеттегі жұмыстар. Жөндеу жұмысы кепілдік қызмет көрсету аясында жүргізіледі. 

Әрине, жаңа технологияларды енгізу арзан тұрмайды. «Қауіпсіз қала» бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыру  үшін және жобалау-сметалық құжаттама жасақтауға жергілікті бюджеттен 530 млн теңге (350 млн 200 камераны орнатуға және сатып алуға, сондай-ақ, полицияның екі бөлімшесін құруға, 120 млн – оптикті-талшықты байланыс желісін тартуға, 30 млн – жобалау-сметалық құжаттарды жасақтауға, 30 млн – екі полиция бөлімшесін жөндеуге) бөлінді. Дегенмен, бейнекамералар қылмыстың алдын алуда, материалдық жағынан да, яғни, әкімшілік айыппұлдардың бюджетке түсуінен де өз құнын ақтай алады. Айталық, ІІД ЖПБ бастығы Берік АМАНГЕЛДІНІҢ айтуынша, бейнекамералардың көмегімен жыл басынан бері жол ережесін бұзған 12 мыңнан астам фактілер тіркелген.

- Бейнежазбалар – соттағы  100% бұлтартпас дәлел. «Ағын» режимінде жұмыс жасайтын жаңа камераларды іске қосу  барысында Атырауға кірген не шыққан автокөліктердің барлық заң бұзушылықтарын тіркеп отырады және дерекқор арқылы автокөлікті де,  оның қожайынын да бірден тексеріп, анықтап бере алады. Бұл біздің қалада көліктердің ұрлануына  немесе басқа аймақтардан транзит бойынша ұрланған көліктердің өтуіне де кедергі болады.

БАҚЫЛАУ ҰЯШЫҚТАРЫНА АТЫЛҒАН ОҚ

Жол полициясы қызметкерлерінің тендер өткізіліп, жеңімпаз фирманың жөндеу жүргізетіндігін көктемде айтқандарымен жұмыс істемей қалған жылдамдық өлшегіштерге қатысты жағдай әзірге өзгере қойған жоқ. Жылдамдық өлшегіштер өз құндарын бар-жоғы жарты жылдың ішінде-ақ өтеген болатын.

«Қазақтелеком» ОТД бас директоры Ерсайын ДҮЙСЕМАЛИЕВТІҢ пікірінше, жылдамдықты тексеретін-өлшегіш құралдарының ақаулығының басты себебі – бұл жол қабатында орналасқан механикалық фиксаторға байланысты. Біздің тұзды топырақ тек коммуналдық тұрбаларға ғана емес, аппаратураларға да әсерін тигізеді. Жылдамдық өлшегіштерді сатып алу барысында олардың электронды фиксаторлы  моделін алу мүмкіндігі болды, бірақ таңдау барынша арзан болып келетін механикалық түріне жасалды.

- Бұл жақсы ұсыныс. Бюджет бізге орталықтан мамандарды шақырып, көп ақша жұмсап отыр. Біз қасымызда сіздер тұрғанда оларға не үшін 12 млн төлеуіміз керек, - деп қуанды Берік Амангелді. Шындығында, бұл идея байланысшыларды қуантып отырған жоқ, олардың айтуынша, камераларды қолданудың өзіндік ерекшеліктері  бар  және бұл олардың саласы емес.

Тұрақты комиссияның төрағасы Талғат МҰҚАТАНОВ жылдамдық өлшегіштердің ақаулығына кімде-кім болсын мүдделі, бірақ «олармен келісімге келу мүмкін емес»деген пікірін білдірді. Айтпақшы, олар біреулерді ызаландыратыны соншалық, бұзақылар ұяшықтарға зақым келтіретін қарумен атып жатады.

Нәтижесінде, қалалық ТКШ бөлімінің бастығы Руслан БАСАР жылдамдық өлшегіштерді жөндеу маусымның аяғында басталатындығына уәде берді.

 Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

 

28 маусым 2012, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.