Атырау, 28 қараша 16:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Биржаға шақыру

3 900 просмотра

Саша Денисовтың коллажыЭкономика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының және ҚР Ұлттық банкінің өкілдерінен тұратын топ өткен аптада Атырауға да ат басын тіреген болатын. Әлбетте, халықпен болған бұл кездесу облыстық әкімдіктің қолдауымен өтті. Жиынға қатысуға ниет білдірген жұртшылық Құрманғазы атындағы мәдениет сарайына толып отырды. Күн тәртібінде алдағы қыркүйекте халықтың қатысуымен жасалатын келісімді насихаттау мәселесі, яғни ІРО-ға шығатын «ҚазТрансОйл» АҚ-ның акцияларын сатып алу талқыға түскен еді.

2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ КЕСТЕ

Қыркүйек айында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдарының  акциялар пакеттерін бағалы қағаздар нарығына («Халықтық IPO»).  шығару бағдарламасы іске қосылады. IPO (ай-пи-о) аббревиатурасы – ағылшынша Initial Public Offering деген сөз тіркесі, бұл термин қаржы операциясын білдіреді, оның барысында компания қаржы нарығында алғаш рет жұртшылыққа өз акцияларын сатып алуды ұсынады. Компания өз акцияларын биржаға шығарады, яғни, алғаш рет барша инвесторларға ұсынады. «Халықтық ІРО» бағдарламасы 2015 жылға дейін есептелген және ірі мемлекеттік компаниялардың акцияларын биржаға шығаруды көздейді. Алдағы бірнеше жыл ішінде қазақстандықтарға 10 ірі эмитенттердің (өз акцияларын еркін айналысқа шығарған компаниялар) акцияларын ұсынады. «ҚазТрансОйл» Ақ-нан кейін өз акцияларын Қазақстанның қаржы нарығына «KEGOC» АҚ, «Air Astana» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақстан темiр жолы» ҰК», «Қазтеміртранс» АҚ, «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ шығарады. Бағалы қағаздар саудасы Қазақстанның қор биржасында өткізіледі.

 

БҰЛ НЕ ӨЗІ?

Бір қиындығы, халықтың бағалы қағаздар деген не, компаниялардың ІРО-ға шығарылатын активтер мен кірістері қандай, акцияға ақша салып, қалай пайда алуға болатындығы туралы түсініктері шамалы. Американдықтар үшін биржа қаржыны басқару құралы, ал  біз әзірге ақша жатқан немесе ақшасы жоқ ғимарат есігінің табалдырығында ғана тұрмыз, бұл сәттілікке байланысты.

Нарыққа қатысушылар: жекелеген инвесторлар, яғни, ел азаматтары және институционалдық инвесторлар – зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, банктер, инвестициялық қорлар инвесторлар боп табылады. Бағалы қағаздарды сатып алу және сату бойынша келісім жасау кезінде делдал қызметін брокерлер мен трансфер-агенттер – арнайы лицензиясы бар кәсіпқой қатысушылар орындайды.

Сөз алған Ұлттық банктің өкілі Хасан НҰРПЕЙІСОВ залдағыларға ұлттық байлығымыздың бір бөлігінің қожайыны болуға керемет мүмкіндік пайда болғанын растады. Халық енді ірі компаниялар бизнесіне тікелей араласа алады және ол компаниялар бұлармен өздерінің үстеме табыстарын бөлісе бастайды екен. «ҚМГ»-нің үлестік меншік иесі болу келешегі еліктіріп жіберері сөзсіз. Әрине, мемлекет «Халықтық ІРО»-ға шығатын компаниялардағы бақылау пакетін сақтап қалады. Саттыққа 5-тен 15 пайызға дейінгі үлес ұсынылатын болады. Өз уысына ұлттық компанияларды түсіруді армандайтын беймәлім миллиардерлерге мазаланбауды сұрайды. Бір қолға 50-ден аспайтын акция тиесілі.

Акционер болу оңай – эмитентті, брокерді (лицензиялы делдалды) таңдап, есеп-шотқа ақша салады. Бағдарлама бойынша арнайы www.halyk-ipo.kz ресурсы жасалып, жұмыс істеп тұр.

 

ЕЛБАСЫ ЖАСАСЫН

«Халықтық ІРО» шеңберінде мемлекеттік компаниялардың акцияларын сатып алу құқығына тек Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ еліміздегі жұмыс жасап тұрған зейнетақы қорлары ғана ие.

- Елбасы сіздерге осындай мүмкіндікті беріп отыр! – деп жалғастырды Ұлттық банктің өкілі (бұл бағдарлама Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ үкіметке тапсырмасын орындау үшін қабылданған). Содан соң қорқытпай: беріп тұрғанда алыңдар, әйтпесе кейін шетелдік инвесторлар мен сақтандырушылар және біздің байбатшалар бәрін сатып алып, пайда түсіретін болады деп ескертті.

- Оның үстіне, қазіргі бағалар өте төмен, дағдарыс қой. Ал экономика нығайғанда, акция әжептәуір қымбат болады. «Қазақтелекомның» акциясын естеріңізге түсіріңіздер, бір күн ішінде оның бағасы 100 пайызға өсіп кеткен еді.

Бұл көрнекі мысал болатын. Дағдарыс алдындағы 2006 жылы құны 25-26 мың теңге тұратын «Қазақтелеком» акциялары екі ай ішінде 56 мың теңгеге дейін көтеріліп, бірақ екі жылдан соң 7 мың теңгеге дейін түсіп кеткен еді. Тағы екі жылдан соң 30 мың теңгеге дейін жетті. Бұл «артық» ақшаларға қатысты тәуекел операцияларының ең үздік көрінісі болатын. Ақшаларды акцияға салғаннан кейін, дәлірек айтқанда, сіз оларды «ұзақ» етесіз. Әдетте, акциялардың бағасы тұрақты және тез өспейді. Сіз ақша салып, «экономиканың нығаюын» күтіп, бәлкім, зейнеткерлікке шыққанда зейнетін көретін боларсыз немесе қолайлы сәтін пайдаланып, үнемі өзгеру бағытында боласыз. Яғни, бағалы қағаздар нарығын, эмитент кәсіпорынның дамуын және қаржылық жағдайын тұрақты бақылап, екіұшты қағаздардан құтылу үшін керемет қабілетке ие болуыңыз керек. Қалай дегенмен де, «Халықтық ІРО» деп аталатын еліктірген ойынға шақыру бағасы тек жүз мың теңге емес екені анық.

Айта кетелік, сарапшылар бағдарламаны түсіндіру барысында тәуекел туралы әлденеше рет еске салды. Акцияны сатып алған кез-келген акционер дивидендтерге ие болу құқығымен бірге, егер компания қаржы жылын табыссыз жапса немесе инфляция жеп қойса, сондай-ақ, акционерлер кеңесі оны компания қажетіне жұмсайтын болса, үнемі шығынға ұшырау қаупінде болады.

 

МЕЗАЛЬЯНС

Жалпы, бұл жобада «халықтық» деген сын есім орынды емес секілді. Қазақстан халқы мен инвестор деген екі түсініктің басын құрау, тіптен қиялға бай болсаң да, өте қиын. Сонымен, «ҚМГ БӨ» АҚ-ның бір акциясының құны 20 мың теңгедей құрайды. Қазақстанда орташа айлық номиналдық еңбекақы 87,5 мың теңге (ауыл шаруашылығы қызметкерлерінде – 33,8 мың теңге) шамасын құрайтынын ескерсек, көпшілік үшін «Халықтық ІРО» келемеж секілді көрінеді. Бір акцияға «ҚМГ БӨ»-де 2010 жылдың қорытындысы бойынша төленген дивиденд мөлшері – 800 теңге (заңнамаға сәйкес ұсталған салықтарды қосқанда). «Қазақмыстың» дивидендтері 2010 жылдың қорытындысы бойынша, құны 3 мың теңге шамасында болатын акцияға 22 цент (30 теңгеден сәл көбірек) құраған.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

 

Ресейдегі «халықтық» ІРО тәжірибесі: Ресейлік «халықтық IPO» (2006 жылдың жазында «Роснефть» мемлекеттік компаниясының акциясын орналастырумен басталған) тәжірибесі акциядағы инвестицияға байланысты тәуекелдерді де, осындай тәуекелдерді басқару принциптерін де түсінбейтін адамдардың қалай инвестор болатындығын көрсетті. Ықтимал қожайындардың ешқайсысы да орналасқаннан кейінгі акция бағасының құлдырауынан сақтанбаған. Атап айтқанда, Ресейде «халықтық» ІРО орналасқаннан кейін акция бағалары 3-7 есе құлдыраған. «Внешторгбанк» (Ресейдегі негізгі көрсеткіштер бойынша екінші тұрған банк) акцияларының бағасы 13,6 тиынға дейін, орналастыру бағасы 1,9 тиынға дейін түсіп кеткен, ал «Роснефть» қағаздары орналастыру бағасынан 11 пайыз жоғары құнсызданып кетті. Сарапшылардың көпшілігі ІРО кезінде акция сатып алмауға кеңес береді. Себебі, компаниялар ІРО-ны жоғарғы баға шегімен өткізгенді жөн көреді. Сондықтан ресейлік сарапшылар кеңес бергендей, акцияларды кешірек – биржада «дүрлігіс басылып, баға тұрақтанған кезде, инвестиция анағұрлым болжамды және тәуекелділігі төмен болған уақытта» сатып алған тиімді екен.

27 маусым 2012, 21:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.