Атырау, 25 желтоқсан 12:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Педофильдер пәрмен алып барады

4 342 просмотра

Соңғы жылдары Атырау облысында педофилдерге қатысты қылмыстық істер саны артты. Егер 2010 жылы ондай істің 1-уі ғана қаралса, 2011 жылы – 3, ал, биылғы жылдан бастап оның саны 8-ге жетті. Бұл өзекті мәселе Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен дөңгелек үстелде талқыланды.

- Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыспен байланысты мұндай істер жабық мекемелерде қаралады. Іске міндетті түрде психолог-маман қатыстырылады, өйткені, бұл бала үшін оның жанын жаралайтын және оның туғандары мен жақындары, тіпті, біздер, соттар үшін өте ауыр болады, - дейді судья Гүлнар ХАЖЕНОВА.

Шынында да, сотта қаралған қылмыс туралы егжей-тегжейлі тыңдап отыру оңай емес. Біз балаларды бөтен адамдардан сақтанып жүруге үйретеміз, алайда, олар зорлыққа таныстары мен тіпті, туысқандарының тарапынан ұшырап қалып жатады. Айталық, мынадай жағдай болды, кішкене қызды ағасының танысы  өз үйінде ағасы бір нәрсені қалдырып кетті, соны алып кет деген сылтаумен шақырып алған. Ал, 3 жастағы кішкене қызды анасының туысы зорлаған болып шықты. Баламен бірге үйде қалатын адам болмағандықтан, ата-анасы анасының туысқанының үйіне апарған, ол үйде 23 жастағы баласынан басқа ешкім болмаған. Кешкісін қыз бала ағасының өзіне істегендерін айтып берген. Бастапқыда мән бермеген анасы, кейін қызын дәрігерге көрсеткен. Дәрігер баланың сөзін растап  берген.

Мұндай фактілердің іс жүзінде одан да көп болуы мүмкін. Өйткені, ата-аналар көбіне балаларының сөздеріне кезекті бір шағымдары болар деп құлақ аспайды, олардың мінез-құлықтарындағы өзгерістерге назар аудармайды.

Атырау облыстық жүйке-неврологиялық диспансерінің психотерапевт-дәрігері Николай ВАКУРОВТЫҢ (суретте) пікірінше, мұндай қылмыстардың көбеюіне үнемі күйзелісте жүру немесе қылмыскерлердің әрекетіне генетикалық факторлардың, балалық шағындағы өзінің көрген зорлық-зомбылықтары әсер етуі мүмкін.

- Жақында мен өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің салдарынан жансақтау бөліміне түскен қыз баламен кеңес жүргіздім. Әкесінің қатаң тәртібіне көнуден шаршаған бала сірке суын ішіп қойған. Оның әкесі балалар үйінде тәрбиеленген, үнемі үйдегілердің берекесін қашырады. Полицияға шағымданудан олар қорыққан, өйткені, ол ондай жағдайда оларды өлтірем деп қорқытқан,  –  деп  әңгімелейді Николай Вакуров. – Бала ата-ананың махаббатына бөленіп, үнемі қамқорлығымен өмір сүруі тиіс. Сонда ғана ол нағыз адам болып өседі, оның үстіне ата-ананың назарынан тыс қалмаған бала қылмыскердің құрығына да ілікпейді.

Өкінішке қарай, білім беру бөлімдерінен шақырылған өкілдер жиналысқа келмей қалды. Сол себепті сынып сағаттарында мектептерде балалармен қандай тақырыптарда әңгіме жүргізілуі керек деген мәселелер талқыланбай қалды.

Судьяның айтуынша, 2010 жылы мұндай қылмыстар үшін тағайындалатын жазалар күшейді. Егер бұрын бас бостандығынан 8 жылдан 15 жылға дейін айырылатын болса, енді оған тағы бір жазаның түрі – егер қылмыс 14 жастан кіші балаларға қарсы жасалған болса, онда лауазымды қызметі мен нақты қызметпен айналысу құқығынан айырылып, 15 жылдан 20 жылға дейін сотталады. Алайда, іс жүзінде екі аяқты хайуандарды бұл жаза да тоқтатып тұрған жоқ. Одан шығар бір ғана жол бар - өзіміз барынша сақ болуымыз керек, балаларға көп көңіл бөліп, оларға сеніммен қарауымыз керек. Олардың өздеріне де сақтық шараларын айтып отыруымыз қажет.

Зульфия ИСКАЛИЕВА,

Суретті түсірген  Қанат ЕЛЕУОВ

27 маусым 2012, 21:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.