Атырау, 24 қараша 16:13
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құласаң - нардан құла

3 951 просмотра

Биыл халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиясына үміткерлер үшін құжаттарды қабылдау тамызға дейін ұзартылды.

Бұл туралы 5 маусымда сервистік компанияларды қаржыландыру және кадрларды дамыту мәселелері жөніндегі дөңгелек үстелде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның құжаттарды қабылдау және конкурстарды ұйымдастыру бөлімінің бастығы Досхан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ атап өтті.

 

БЮДЖЕТ ЖӘНЕ СЕНДІРУ ҚАБІЛЕТІ

Жұмыс берушілер мен кадрларды дайындаумен айналысатындардың кездесуін олардың мекемелері үшін Қазақстанның сервистік компаниялары одағы ұйымдастырды. Құдайбергенов енді «Болашақтың» кадрларды мақсаттық дайындауға қызығушылық танытып отырғанын айтты. Яғни, енді қандай маманды, қандай бағдарлама бойынша және қандай жоғарғы оқу орнына оқыту керек екенін жұмыс беруші шешеді. Тараптар арасында үшжақты келісім-шарт жасалып, соған сәйкес Халықаралық бағдарламалар орталығы студентті оқытуға, жұмыс беруші – түлекті оның мамандығы бойынша жұмысқа орналастыруға, ал түлек – келісім-шарт бойынша тиесілі мерзімде жұмыс жасауға міндеттеледі.

- Бүгінгі күні 45 елде 700-ден астам оқу орындарымен байланыс жолға қойылды, – дейді Д. Құдайбергенов.

Өз қызметкерін немесе болашақ оқытушы ретінде бітіруші түлекті таңдап, машықтануға немесе оқуға жіберетін оқу орны да тапсырыс беруші болуы мүмкін.

- Бізде қазақстандық институттардың бірінде жұмыс істейтін физиктің Үлкенандрондық коллайдер жасаумен танымал болған Еуропалық ядролық зерттеулер кеңесінің ғылыми-зерттеу орталығынан жеті айлық машықтанудан өткен тәжірибесі бар. Оған 100 мың доллар жұмсалды. Яғни, егер тапсырыс беруші комиссияның көзін жеткізсе, бюджет әжептәуір жоғары болуы мүмкін екенін айтқым келеді. Орташа алғанда, бір студентті толықтай оқыту біздің орталыққа жылына 50 мың долларға шығады. Алайда егер бұл нейрохирургия секілді бағыт болса, оқыту бюджеті 500 мың долларға дейін жетуі мүмкін.  

 

КЕМЕҢГЕР ҚАРИЯ

«Болашақ» стипендиясына тапсыруға өз бетінше талаптануға да болады. Алайда бұл жағдайда шет тілін білуге қойылатын талаптар өте жоғары болмақ. Ал өз кәсіпорны оқытуға жіберетін жандарға тіл де үйретіледі.

- Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша өтетін үміткерден төменгі өту балы талап етіледі, бұл – IELTS бойынша 9.0-ден3.0. Яғни, ол адам келген кезде өздігінен оқитын жеріне жете алатындай болуы тиіс. Алты айлық тіл курстарын оқығаннан кейін ол мамандығы бойынша білім алуға кіріседі, - деп түсіндірді Д. Құдайбергенов.

Талапкерлердің төрт санатына: мемлекеттiк қызметкерлерге, ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге, стажерларға, жоғарғы оқу орындарының түлектеріне басымдылық беріледі.

Үміткерлер 5 турдан өтеді: шет тілі білімін тестілеу, мемлекеттік тіл білімін тестілеу (кем дегенде 150 баллдың 75 баллын жинау керек), психологиялық тестілеу, тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке сұхбаттасу (ҚР Конституциясы, Қазақстан тарихы, мемлекеттік рәміздер туралы білімін тестілеу), шетелдерде кадрлар дайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы (осы кезеңде стипендияны тағайындау немесе бас тарту туралы ақырғы шешім қабылданады).

- Үміткерлердің жасына шектеу қойыла ма?

- Жасы кедергі емес, бізде машықтануға 72 жастағы доцент жіберілген жағдай болды.

Тақырыпқа сауалдар

 

 

 

- Биылғы жылдан бастап жаңа формат бойынша, атап айтқанда кадрларды жұмыс берушілердің өтінімдері арқылы мақсаттық оқыту әдісі бойынша «Болашақ» стипендиясы отандық және шетелдік жұмыс берушілер үшін бірдей қолжетімді болды. Бірақ осыған дейін ірі біріккен кәсіпорындар мен шетелдік құрылтайшылары бар кәсіпорындар кадрларды өздері үшін өз есебінен оқытқан еді. Сол Теңізшевройл биыл өз қызметкерлерін оқытуға 8 млн доллардай ақша салып отыр. Сонда енді бұл алыптар өздерінің білім беру жүгінің бір бөлігін мемлекеттің, яғни салық төлеушілердің мойнына аудара сала ма? 

Досхан Құдайбергенов: – Мен алаңдайтын ештеңе көріп тұрған жоқпын.

- Бұл сонда қисынды ма, олар өз кадрларын жетілдіріп жатыр ғой, енді мұны біздің есебімізден жүзеге асыратын болады. Сіз бұған қынжылмайсыз ба?

- Бірақ сіз олардың біздің отандық кадрлар екенін ұмытпаңыз!

 

"АЖ" анықтамасы:

 

 

 

«Магистратура» бағдарламасы бойынша оқу:

Мемлекеттік қызметкерлер

Оқу мерзімі – 1-ден 3 жылға дейін;

Мемлекеттік қызметтің жалпы өтілі – 2 жылдан кем емес (соңғы 12 айды қосқанда);

Дипломның орташа баллы 4.0.-ден кем болмауы  керек.

Ғылыми-педагогикалық қызметкерлер

Оқу мерзімі – 1-ден 3 жылға дейін;

Ғылыми немесе педагогикалық қызмет өтілі – 1 жылдан кем емес;

Дипломның  орташа баллы 4.0.-ден кем болмауы керек.

Жоғарғы оқу орнының түлектері

Оқу мерзімі – 1-ден 3 жылға дейін;

Құжаттар тапсырған уақытта түлек бітірген жоғарғы оқу орнының ғылыми немесе педагогикалық қызметкері болуы керек;

Дипломның орташа баллы 4.0.-ден кем болмауы керек.

 

Ғылыми, педагогикалық, инженерлік-техникалық, медициналық машықтанудан өту:

Өту мерзімі – 12 айға дейін;

Жалпы өтіл 3 жылдан кем болмауы, аталмыш қызметкер ретіндегі өтілін қосқанда – 12 айдан кем емес;

Машықтанудан өтуге шетелдік мекемеге шартсыз шақыртылуы қажет.

 

«Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» бағдарламалары бойынша оқу:

(өздігімен түскендер үшін):

Оқу мерзімі – 1-ден 5 жылға дейін;

Жалпы өтілі – 2 жылдан кем емес;

Дипломның орташа баллы 4.5-тен кем болмауы керек;

Жоғарғы оқу орнының тізіміне (тор 100) сәйкес жоғарғы оқу орнына шартсыз шақыртылуы қажет.

 

2012 жылы құжаттарды қабылдау мен  конкурстарды өткізу мерзімі:

Шетелде оқу үшін құжаттарды қабылдау – 2012 жылдың 14 мамыры мен 31 шілдесі аралығы (өздігімен түсетіндер үшін – 2012 жылдың 14 мамыры мен 29 маусымы аралығы); конкурсты өткізу – 2012 жылдың 1 маусымынан бастап 2013 жылдың 31 қаңтары аралығы.

Шетелде машықтанудан өтуге құжаттарды қабылдау (2012 жылдың күзінде бару) – 2012 жылдың 29 маусымына дейін.

Шетелде машықтанудан өтуге құжаттарды қабылдау (2012 жылдың көктемінде бару) – 2012 жылдың 31 шілдесіне дейін.

Байланыс деректері: 010000, Астана қ., Орынбор көшесі, 18, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, №103 кабинет.

Телефондар: 8 (7172) 69 51 53, 69 51 54, 69 51 55

www.bolashak.gov.kz

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

20 маусым 2012, 18:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.