AZATTYQ.ORG. «Мәскеулік қазақ драматург жаңашылдыққа шақырады» - Бес жасынан бастап Мәскеуде тұратын прозаик әрі драматург Олжас Жанайдаров Ресей астанасындағы қазақстандық мигранттар тақырыбын шығармашылығына арқау еткен. Оның пьесалары тек Ресейде емес, қазақстандық театрларда да сахналанып жүр.
«Иран “екінші Иракқа” айналуы мүмкін» - Шах билігі кезінде Иран сырты істер министрі қызметін атқарған, қазір Швейцарияда тұрып жатқан Ардешир Захеди АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Тегеранға қойған талабына жауап қатты. Ол Фарда радиосына берген сұхбатында өз отанының Ирактың кебін киюін қаламайтынын айтты.
«Облыс орталығы болар Түркістандағы қазіргі өмір» - Оңтүстік Қазақстанда облыс орталығын тұрғыны миллионға жеткен Шымкенттен 262 мыңнан аса халқы бар Түркістанға көшіру мәселесі алғаш рет ресми талқылана бастады. Түркістандықтар әкімшілік орталықты көшіруде үміті мен бірге күдігі бар екенін жасырмайды.
INFORMBURO.KZ. «Айдаһар синдромы. Қытай инвестициясы Қазақстан үшін экономикалық өсім бе, қақпан ба?» - Қытайдан Қазақстанға келетін $80 миллиардқа жуық капитал ағымының 4,7 пайызы ғана тікелей инвестицияға жатады. Ал қалғаны – несие.
«Қазақстанда ұрланған көлікті тіркеу енді оңайға түспейді. Себебі, көліктерге электронды құжат беріледі» - Электронды құжат биыл шілдеден бастап енгізіледі. Құжатта көлік туралы толық ақпарат болады. Ол бар көлікке түгел берілмейді. Бүгінгі әңгімеміз осы туралы.
AIKYN.KZ. «Украина Нато-ға біржола бет бұрды» - Украина мен Ресей арасы барған сайын шиеленісіп барады. 9 маусым күні Киевте Украина, Польша, Молдова, Грузия мен Литва мемлекеттерінің парламент басшыларының кездесуі өтпек.
«Әлемде не болып жатыр?» - Әлемдік саясат әлі тынышсыз. Бір қиырда Солтүстік Корея мен АҚШ тарапы саммитке дайындалып жатыр. Екінші құрлық Еуропалық одақ АҚШ тарапының алюминий мен болат материалдарына салған баж салығына қарсылығын білдіруде. Бірқатар елдер «Ресейге салынған санкцияны тоқтатайық» деп әлек болуда. Әйтеуір, дүние дүрбелеңге толы болып тұр.
EGEMEN.KZ. «Солженицынның Мойынқұмдағы күндері» - «Солженицын... Тіксініп қалдыңыз, ә? Әрине, тіксініп қалдыңыз. Нобель сыйлығы тұрмақ, одан да өткен бір сыйлық шығып, соның да лауреаты болғанның өзінде дәл біздің дәл осы адамды әспеттейтіндей жөніміз жоғы рас. Басқасын былай қойғанда, ана бір жылдары «Қайткенде Ресейдің көсегесін көгертеміз?» атты трактат типтес салақұлаш уағыз жазғанында Қазақстанның солтүстіктегі өңірлері ежелден орыс жері еді деп сандырақтағанын ұмытпайтынымыз анық».