Атырау, 18 желтоқсан 20:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Көп алып, аз қайтарады

4 610 просмотра


ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы осы жылдың қаңтар-сәуір айларында облыстың ақша-несие нарығының дамуын қорытындылады.

Инфляция. Жергілікті статистика департаментінің деректері бойынша, сәуірде наурызға тұтыну бағаларының индексі 100,6%-ды (соның ішінде, азық-түлік тауарларына - 100,7%, азық-түлік емес тауарларға – 100,6% және ақылы қызметтерге - 100,3%) құрады.

Несие нарығы. Қаңтар-сәуірде жалпы сомасы 100,1 млрд теңгеден астам несие берілді, бұл өткен жылғы сәйкесті кезеңге қарағанда 28 млрд теңгеге көп. Осы ретте заңды тұлғаларға несие беру 64,4%-ға, жеке тұлғаларға – 22,3%-ға өсті. Ұлттық валютамен берілген несиелер 30,8%-ға, шетел валютасымен – 3,7 есеге көбейді.

Сәуірде несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 15,8%  (2017 ж. жылғы сәуірде - 16,8%) құрады.

Несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер көлемі 2018 ж. 1 мамырына 70,1%-ға өсіпа, 32,8 млрд теңгені құрады.

Депозит нарығы. Сәуірде 414,7 млрд теңгеге салымдар тартылды, бұл наурызға қарағанда 2,6%-ға аз. Осы ретте ұлттық валютадағы депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 9,3%, шетел валютасындағы депозиттер бойынша 1,6%-ды құрады.

Валюта нарығы. 2018 жылғы 1 мамырдағы ахуал бойынша айырбастау операцияларын 108 айырбастау пункті жүзеге асырды.

Халықтан 36,3 млн АҚШ доллары (2017 жылдың көрсеткішінен 22,8%-ға жоғары), 1,4 млн еуро (12,4%-ға азайған), 512,4 млн Ресей рублі (1,3%-ға төмендеген) сатып алынды.

95,6 млн АҚШ доллары (7,4%-ға өскен) 6,3 млн еуро (24,9%-ға азайды), 3455,2 млн Ресей рублі (өсім 10,3%) сатылды.

Сәуірде шетелдік валютаны сатып алу мен сатудың орташа бағамы тиісінше 1 АҚШ доллары үшін 323,98 және 327,40 теңге, 1 еуро үшін 398,58 және 403,03 теңге, 1 Ресей рублі үшін 5,32 және 5,44 теңгені құрады.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

5 маусым 2018, 13:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.