Бұл туралы елдің cыртқы істер министрі Валид Муаллем мәлімдеді. Оның айтуынша, Құрама Штаттар Эт-Танфадағы әскери базасын жауып, мемлекет аумағынан әскерін толық шығаруы тиіс.
Сирия билігі тек содан кейін ғана елдің оңтүстігіндегі қауіпсіздік мәселесі жөнінде келіссөз жүргізеді. Ал АҚШ Эт-Танфадағы әскери бекінісін лаңкестермен күреседі деген желеумен өткен жылы сәуір айында құрған болатын.
Бірақ Сирия әскерилерінің айтуынша, америкалықтар мұнда оппозициялық күштерді жабдықтап, дайындаумен айналысады. Сондықтан оны жабуды талап етіп отыр. Ал Пентагон бұл ауданнан әскерін әкетсе, базаны Башар Асад жағында соғысып жатқан ирандық жасақтар басып ала ма деп қауіптенеді.
Дереккөз: 24.kz