4 мыңға жуық полиция қызметкері мен өрт сөндірушілер Ішкі Моңғолия автономды өлкесі аумағындағы орман өрттерімен арпалысып жатыр. Бұл туралы жексенбі күні Синьхуа жергілікті өрт сөндірушілер басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Өрт сенбі күні шамамен 10:00-де Үлкен Хинган ауданындағы орманда басталған. Артынша сол күні 17:00-де табиғи "Ханьма" қорығы териториясын да жалын шарпыған.
Ұзаққа созылған аптап ыстық пен құрғақшылық тілсіз жауды ауыздықтауға кедергі болуда. Аудандық метерологиялық қызметтің ақпаратына қарағанда, жергілікті билік қажет болған жағдайда жасанды бұлт шақыруды жоспарлап отыр.
Дерекөкз: inform.kz