Атырау, 30 қараша 05:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Словенияда парламент сайлауы аяқталды

1 572 просмотра


Словенияда кезектен тыс парламент сайлауына дауыс беру аяқталды. Нәтижесінде Янез Янша басқаратын оңшыл «Словения демократиялық партиясы» жеңіске жетті. Бұл әзірге алдын ала қорытынды нәтижесі. 

Reuters агенттігінің қоғамдық сауалнама қорытындысына сілтеме жасап хабарлауынша, дауыс берушілерлің 24 пайызы осы саяси топты қолдаған.

Айта кетейік, бұрынғы премьер-министр Янез Янша сайлауалды науқанында шетелдік мигранттарға қарсы заңнаманы қатаңдатуға жіті мән беру керек екенін баса меңзеді. Словения арқылы Батыс Еуропаға қарай өтетін мигранттар мәселесі бүгінгі күннің басты тақырыбы екені айқындалды. 

Алайда мұндай көрсеткішпен Яншаның партиясы парламенттен көп орынға дәмелене алмайды. Екінші орынды Марьян Шарецтың солшыл центристік қозғалысы иемденді. 

Оның тобы саяси додаға бірінші рет қатысып, 13 пайыз дауыс жинады. Қазіргі үкімет басшысы Мирослав Церардың партиясы 9 пайыздан сәл ғана асып, алғашқы үштіктің құрамына да кіре алмады. Саяси доданың ресми қорытындысы жақын арада белгілі болады.

Дереккөз: 24.kz

4 маусым 2018, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.